Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / "Қар түскенін күтпеңіз!" Маман қысқы доңғалақтар а...

"Қар түскенін күтпеңіз!" Маман қысқы доңғалақтар алмас бұрын әр жүргізуші білуге тиіс кеңестер айтты

Керек кеңес 16.10.2025, 11:40 628
"Қар түскенін күтпеңіз!" Маман қысқы доңғалақтар алмас бұрын әр жүргізуші білуге тиіс кеңестер айтты
сурет: gemini

Қыс ызғары сезілсе, көлік жүргізушілерінің доңғалақтар алып, қамдана бастайтын шағы келді деген сөз. Aqshamnews.kz тілшісі қыс түспей тұрып жүргізушілер нені білуі керек деген сұраққа жауап іздеп, кеңестер ұсынады. Автосарапшы Олег Шейконың айтуынша, қысқы доңғалақтарды айыппұл төлемес үшін ғана емес, қауіпсіздігіңіз үшін де ертерек алмастырған абзал.

Дөңгелектерді қашанға дейін ауыстыру керек?

"Доңғалақтарды ауыстыру үшін қар жауғанын, мұз қатқанын күтудің қажеті жоқ. Температураға мән берген жөн. Егер тәуліктік орташа температура нөлден төмен түсіп, 5–7 күн қатарынан сақталса, шинаны ауыстыратын уақыт келгенін түсіне беріңіз", - дейді шиномонтаж саласында 30 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан Шейко.

Қысқы шина суықта жұмсара түсіп, одан әрі майысқақ бола түсіп, жолда тежегіштігін жақсартады. Ал жазғы шина, керісінше, қатаюдың әсерінен асфальт бойымен тура "сырғып" кетеді. Соның салдарынан тежеу жолы ұзарып, апатты жағдайларға алып келуі мүмкін. 

Заң не дейді?

ӘҚБтК-нің 590-бабы, 5-бөлігіне сәйкес, Қазақстанда 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көліктер қысқы шиналармен жабдықталуға тиіс. Маусымға сай келмейтін шиналарды қолданғандарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2025 жылы айыппұл көлемі - 19 660 теңге. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда сома төрт есе өседі - 20 АЕК, яғни 78 640 теңге.

Кейбір өңірлерде, мысалы Астанада және еліміздің солтүстігінде, полиция жүргізушілерге маусымдық дайындық туралы ерте ескерте бастады.

"Суық ауа райы күнтізбедегі қыстан бұрын келеді, сондықтан 1 желтоқсанды күту қауіпті. Төмен температурада жазғы шина ілінісін жоғалтып, көлікті басқару қиындайды, ал ЖКО қаупі артады", - деп атап өтті елорда полиция департаменті.

Қандай шина таңдаған дұрыс?

  • Қала үшін: фрикциялық (яғни "жабысқақ") шиналар дұрыс, қар мен тайғақтарда сырғып кету қаупі аз.
  • Қала сырты/трасса үшін: шиптелген шиналар - жүргенде дыбысы қаттырақ шыққанымен, мұзда сенімді жүресіз.
  • Негізгі қағида: қауіпсіздіктен үнемдемеңіз. Протектор (шинаның жолмен жанасатын сыртқы қабаты - еск.) 50%-дан артық тозса, шинаны ауыстыру керек. Жұмысқа қабілетті тереңдік - кемі 4–5 мм, әйтпесе қысқы шинаның пайдасы шамалы, дейді Шейко.

Тағы бір маңызды кеңес:

  • Шинаны ауыстырғаннан кейін міндетті түрде балансировка (дөңгелектің (диск + шина) массасын теңгеру процесі - еск.) және "дөңгелек геометриясы" тексерісін жасаңыз. Олай болмаған жағдайда көлік бір жаққа тартып, жаңа шина бірнеше айда-ақ тозып кетуі мүмкін.
  • Теңгеру процесін әр 5–10 мың шақырым сайын қайталап тұрған жөн.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#қыс #Шина #доңғалақ #көлік #Жүргізуші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі