"Джеки Чанды киноға түсіреміз!": "Шаншар" театры болашақты болжағаны рас па?

  • 11:57, 16 қазан 2025
"Джеки Чанды киноға түсіреміз!": "Шаншар" театры болашақты болжағаны рас па? Коллаж: aqshamnews.kz

"Шаншар" әзіл-ысқақ театрын білмейтін қазақ жоқ шығар?! Әсіресе миллениал буын Уәлибек Әбдірайымов жетекшілік еткен театрдың әр қойылымын жатқа біледі. Ел арасында "Шаншардың" шындыққа айналған әзілдері желдей есіп, желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады. Аqshamnews.kz тілшісі ностальгия жасап, жұрт жадында жатталған әзілдерді еске түсіріп көрді. 

"Қарның ашса, балық аулап же!"

Бұл "Шаншар" театрының су тасқыны жайлы сөз етілетін "Жүзбе-жүз" атты қойылымындағы танымал тіркес. Шенеунікпен сұхбат ретінде көрсетілетін қойылым биліктің тасқын кезіндегі "шарасыздығын" астыртын сынға алады. Бұл қойылым 2005 жылы сахналаған еді. 

Бұл әзілді көпшілік 2024 жылы болған елдегі су тасқынымен байланыстырады.

Еске салайық, 2024 жылдың көктемінде Қазақстанда кейінгі ондаған жылдағы ең ауқымды су тасқыны болды. Президент Тоқаев бұл апатты елдегі "соңғы 80 жылдағы ең ірі апат болуы мүмкін" деп атаған еді. 10 өңірде төтенше жағдай жарияланып, 118 200 адам эвакуацияланды. Олардың 44 300-і – балалар. Шамамен 6 000 үй су астында қалды, ал 18 сәуір дерегі бойынша кемінде 7 адам қаза тапты.

Актер Нұржан Төлендиев бұл қойылым жайлы бір пікірінде

"Хабарласып отырған әйел "ашпыз" десе, "нанға май жағып же" дейді. Былай қарасаңі әзіл болғанымен, ашуыңа, шамыңа тиетін әңгіме ғой. Бұл - сатира", - деген еді осы қойылымдағы актер Төлендиев. 

сурет: sarinform.ru

Қайырымдылық қорлары туралы 15 жыл бұрынғы "шындық"

"Шаншар" қайырымдылық қорлары жайлы тақырыпты да осыдан 15 жыл бұрын қаузаған екен. Нұржан Төлендиев пен Нұржан Құлшынбаев басты рөлде ойнайтын қойылымда отбасы жалған жағдайы жоқ отбасы кейпін танытып, қайырымдылық қорынан ақша өндіруді көздейді. 

Бұл қойылым жұртқа былтырғы Перизат Қайраттың шулы оқиғасын еске салды. 

Перизат Қайрат 2021 жылдан 2024 жылға дейін түрлі қайырымдылық акциялары арқылы жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жинап, оны өз пайдасына жаратқаны үшін кінәлі деп танылды. Шілдеде оған қатысты сот үкімі шығып 10 жылға сотталған еді. Перизат Қайрат жымқырған қаражаттар негізінен балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек көрсету үшін жиналған деп көрсетілген. 

сурет: tengrinews.kz/Санжар Мустафин

"Ақ тырна" "Шалабай аталаған" тәуіпті меңзеген бе?

2009 жылы сахналанған "Ақ тырна" скетчінің авторы - Нұржан Төлендиев. Актер бұл қойылымның қалай жазылғаны жайлы былайша әңгімелейді. 

"Сол жылы Түркістанда Яссауи бабамыздың кесенесі маңында бір топ ақ киімді адамдарды байқадым. 300-ге жуық адам қолдарына ақ ту ұстап, кесенеге қарай бет алып бара жатыр екен. Не істейтіндерін көрейінші деп, бірге ілестім. Бір кезде ішіндегі біреуі тоқтамай тақпақ оқыды. Сол сәтті жаттап алып, театрға келіп, сахналау керек дедім. Жұлдызайға (Жұлдызай Дүйсенбиева - актриса - еск.) айтып едім, ол айнытпай салып берді", - деді Төлендиев бұрын берген сұхбаттарының бірінде

Ал қазақстандықтар бұл әзілді емші Ұлықбек Смановтың оқиғасымен байланыстырды. Шымкенттен шыққан емші балалар үйінен асырап алған балаларды үш жыл бойы ит пен мысықтың етімен тамақтандырып, түрлі қорлық көрсеткені сөз болған еді. Былтыр Смановтың желіде "Шалабай атамның әруағы" деп ән салып, бірнеше адамды "емдеп" жатқан бейнесі тарап, жұртты шулатқан болатын. 

"Кино түсіреміз": Джеки Чан шынымен қазақстандық фильмде ойнамақ

Төлендиев таратқан тағы бір танымал әзіл - "Режиссер" қойылымы. Актриса Жұлдызай Дүйсенбиевамен бірге ойнайтын қойылымда Джеки Чан, Том Круз сынды танымал актерлерді фильмге түсіретіні жайлы айтылады. Бұл көрініс те 2009 жылы қойылған еді. 

"Шаншар"-дың бұл әзілі де шындыққа айналып биыл әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанға келіп, отандық медиакомпанияның жобасында бой көрсетпек. Медиакомпанияның мәліметінше, әлемдік кино аңызының қатысуымен Қазақстанда әйгілі “Құдайдың сауыттары” фильмінің жаңа бөлімі түсіріледі.

"Біз Джеки Чанның Алматыға келген резонансты сапарының мән-жайын ресми түрде ашамыз. Бұл культтік франшизаның жаңа фильмі - “Құдайдың сауыттары: Ультиматум” жобасына байланысты", - делінген компания хабарламасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:07

15:05

14:14

14:02

13:33

12:54

12:35

12:20

12:12

12:03

11:57

11:40

11:21

11:15

11:07

10:52

10:32

10:17

09:59

09:44

09:40

09:32

09:26

19:41

19:05