Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қала инфрақұрылымын дамыту, аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді көркейту, жол, коммуналдық желілер мен қоғамдық көлікті жақсарту мәселелерін талқылады. Әкім тиісті басқармаларға жүйелі жұмыс жүргізу, сапаны бақылау және жер мен мүлік рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету тапсырмасын берді. Барлық көтерілген сұрақтар жеке бақылауға алынды.