Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Несиесін 90 күн төлей алмағандарға кредит берілмей...

Несиесін 90 күн төлей алмағандарға кредит берілмейді

Әлеумет 06.03.2024, 10:04 1,190
Несиесін 90 күн төлей алмағандарға кредит берілмейді
Сурет: almaty-akshamy.kz

Ел тұрғындарының қаржы ұйымдарының алдындағы берешегі 19 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


«Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2023 жылғы 20 қазанда мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен халықтың шамадан тыс кредит алуы мәселелері бойынша Парламенттік тыңдау өтті. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдарының алдында 19 трлн теңге сомасына берешегі бар. Оның ішінде 8,2 миллион азаматтың кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешегі 10 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте 1,6 млн азаматтың 1,7 трлн теңгеге 90 күннен артық мерзімі өткен проблемалық кредиттері бар», — деді депутат.


Үнзила Шапақтың атап өтуінше, парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша жүйелі ұсынымдар кешені әзірленді.


Оның негізінде Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.


«Проблемалық қарыздары бар азаматтардың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан жағдайда оларға кепілсіз тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу жөнінде норма енгізіледі. Бұдан басқа, банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан соң сыйақы есептеуге тыйым салынады», — деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кредит #қарыз #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика