Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ЕТЖ тұрақты және функционалды қалалық кеңістік құр...

ЕТЖ тұрақты және функционалды қалалық кеңістік құруға бағытталған

Әлеумет 02.02.2024, 11:07 1,048
ЕТЖ тұрақты және функционалды қалалық кеңістік құруға бағытталған
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының жаңа ЕТЖ-да қала тұрғындары үшін әлеуметтік нысандардың қадамдық қолжетімділігі қарастырылған


Алматы әкімдігі қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕТЖ) бекітті. Өздеріңізге мәлім, Бас жоспарда мегаполисті дамытудың моноцентристік моделінен полицентрлікке көшу қағидасы көрсетілген, яғни қала «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс» сынды 5 қоғамдық және іскерлік қызмет орталығына бөлінеді.


Алматының дамуының негізгі қағидасының бірі балабақшаларға, мектептерге, медициналық мекемелерге және аялдамаларға жақын маңдағы қолжетімділік болып табылады.


Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының хабарлауынша, мегаполисте нүктелі құрылыс болмайды, барлық қайта жаңарту жобасы қажетті инженерлік, коммерциялық және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ескере отырып, кешенді түрде қаралады.


ЕТЖ бойынша 2040 жылға қарай әрбір қала тұрғыны үшін балабақшалар үйден орта есеппен 300 метр жерде, мектептен 500 метр қашықтықта, ал медициналық мекемелер тұрғылықты жерінен ең көбі бір шақырым жерде болады деп көзделген. 



Мысалы, Түрксіб ауданында мектептер мен медициналық мекемелердің саны 1,5 есе, балабақшалар саны 3 есе өседі. 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.


Наурызбай ауданында мектептер саны 2 есе балабақшалар саны 10 есеге артып келеді. Сонымен қатар, 11 жаңа медициналық мекеме, 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музей, екі жаңа театр мен кітапхана жоспарланған.


ЕТЖ-ға сәйкес, Бостандық ауданында 8 мектеп, 5 балабақша, 3 медициналық мекеме, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені сынды жаңа әлеуметтік инфрақұрылым құру ғана емес, сонымен қатар, 4 кітапхана, 1 музей, 1 театр сынды жаңа мәдени нысандар құру да көзделген. 


Алмалы ауданында жаңа әлеуметтік инфрақұрылым құру негізінен мектептерге бағытталған – бұл 8 нысан және 10 балабақша. Музейдің де құрылысы жоспарланған.


Медеу ауданының аумағындағы әлеуметтік инфрақұрылым қазіргі олқылықтың орнын толтыруға бағытталған: бұл 14 мектеп, 16 балабақша, 11 медициналық мекеме, 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және кітапхана.


Жолаушылар инфрақұрылымын кеңейту көзделіп отыр, 2027 жылға қарай – қазіргі қолданыстағы 1208 аялдамадан 1245 аялдамаға дейін артып, ең жақын аялдама кешеніне 5-7 минут ішінде баруға болады.



Жалпы, ЕТЖ тұрақты және функционалды қалалық кеңістік құруға бағытталған. Ол қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды жүргізудің, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #басжоспар #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алғыс айту күні құрметтеуді үйретіп, патриотизмге үндеп, бірлікті нығайтады

Бүгін 14:26

Алматыда Алғыс айту күнінің жастар үшін маңызын түсіндірді

Бүгін 14:23

Алматыдағы алғыс айту күні – ұлтты ұйыстырар мереке

Бүгін 12:53

Алматыда алғыс айту күнін қалай атап өтіп жатыр

Бүгін 12:45

Алматыда №221 маршруттың жүру тәртібі өзгереді

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі