AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын жеке қабылдады

Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын жеке қабылдады

Барлығы 08.10.2025, 17:37 515 Сұлу
Дархан Сатыбалды қала тұрғындарын жеке қабылдады
Алматы әкімдігі

Бүгін «AMANAT» партиясының қалалық филиалында Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының азаматтарды жеке қабылдауы болды.

Кездесуде қала тұрғындары абаттандыру, көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы және аға буынды қолдау мәселелерін көтерді.

Қала әкімі мұндай қабылдаулардың тұрғындарды тікелей тыңдап, олардың өтініштеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті:

«Азаматтар көтеріп отырған мәселелер – әрбір алматылықтың өмір сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты. Барлық өтініштер бақылауға алынды, әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылданады», – деді Дархан Сатыбалды.

Қабылдау қорытындысы бойынша нақты шаралар қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында қосымша жол белгілері мен бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің құрылысының заңдылығына тексеру жүргізу жоспарланған. Электрмен жабдықтау мәселелерін зерделеу үшін мамандар жергілікті жерде тексеріс жасайды.

Азаматтарды жеке қабылдау «AMANAT» партиясының қолдауымен тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсат – қала тұрғындары мен атқарушы органдар арасында ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді жедел шешу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды #қабылдау #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);