«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты
«Ұлы даланың ғажайыптары» этно-көрмесі Алматыда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып, ұлттық мұра мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, келушілерге бай мәдени тәжірибе мен рухани шабыт сыйлады. Көрмеде дәстүрлі қолөнер, интерактивті LED-туннель және халықтық караоке арқылы ұлттық болмысты жаңа форматта таныстыруға мүмкіндік берілді.