Сырғаның «сырға» толы құпиясы: қазақтар бұрын бұл әшекейді ұлға да таққан

Сырғаның «сырға» толы құпиясы: қазақтар бұрын бұл әшекейді ұлға да таққан Сурет: e-history.kz

Қазақтар қашан да ырымға ерекше көңіл бөлген. Әшекей бұйым тек сәндік үшін емес, түрлі бәле-жәледен сақтайды деп сенген. Әр өрнек пен пішін арқылы ақ тілегін жеткізген.

Мұрынға тағылған сырға

Бір кездері шетелге еліктегеннен бізде де жастар мұрынға пирсинг, қазақша айтқанда сырға тағу сән болған еді. Сөйтсек, оның бір тамыры қазақтың өткен тарихымен де байланысып жатыр екен.

Сурет: depositphotos.com

Қазақ қызының мұрнына пирсингке ұқсас сырға таққаны бүгінде тосын көрінуі мүмкін. Бірақ тарихи деректерде бұл жайлы мәлімет бар. Этнограф И.Г.Андреев:

«Кейбір қазақ қыздары мұрнына күміс сырға тағады. Бұл – әкесінің ең сүйікті қызы екенін білдіреді», – деп жазған.

Сол сияқты генерал-майор Броневскийдің еңбегінде де мұрынға тағылған күміс сақина «үйдің ең ерке қызы» дегенді білдіретіні айтылады. Мұндай әшекей «зере сырға» аталған. Әйгілі Құнанбайдың анасы да мұрнына «зере» тағып жүргендіктен, халық оны Зере деп атап кеткен деген дерек бар.

 

Әйелдер мен ерлер тұмары

Тұмар – қазақ үшін тек әшекей емес, ырымдық зат. Көз тиюден, пәле-жаладан қорғайды деп сенген. Алғашқы тұмарларға ине, үкі, жүн салынған. Сапарға шыққандар туған жерінің топырағын бірге алып жүрген.

Суреттер: womenofkz Instagram-парақшасынан алынды

Зерттеушілердің айтуынша, әйелдер тұмарының ұшы төменге, ерлер тұмарының ұшы жоғарыға қараған. Ал екеуін қосып тағу – тұтастық пен жаңа өмірдің белгісі болған.

 

Ұл балаларға сырға тағу дәстүрі

Қыздарға сырға тағу міндетті болса, ұл балаларға да белгілі бір жағдайда сырға тағылған. Егер жалғыз немесе көптен күткен ұл туса, жын-перілерді алдау үшін құлағына сырға таққан. Мұндай сырғаны бала бес жасқа толғанда ғана шешкен.

Сурет:  С. Дудин. Суреттер womenofkz Instagram-парақшасынан алынды

Тағы бір наным бойынша, қайтыс болған әйелдің құлағындағы сырғасы алынбаған. Олай жасаудағы сенім «құлағына жылан кірмесін» дегеннен туған деседі.

 

Шекелік – самайға тағылған әшекей

Қазақ қыздарының тағы бір қорғаныш бұйымы – шекелік. Ол самай тұсына тағылып, тіл-көзден сақтайды деп сенген. Ал шолпы қыздың нәзіктігін көрсетіп, артық сөйлеуден, қатты қимылдаудан тыйса, шекелік сұлулықты қорғаушы болған.

Сурет: ЖИ, «NewTimes.kz» АА

Осы орайда мынандай қызық дерек бар: әйелдің жасы ұлғайған сайын әшекейіндегі моншақ саны азайып отырған. Осыған қарап, оның жасын білген.

 

Құстұмсық жүзік – әке аманаты

Жүзіктің де өзіндік сыры бар. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің дерегінше, құстұмсық жүзікті қызын ұзатқан әке арнайы соққызып, қызының саусағына таққан. Бұл – «барған жеріңде сыйлы бол, тіл-көзден аман жүр» деген тілек.

Сурет: calend.mycollection.kz

Егер қызы жаңа отбасында бақытты болса, жүзікті аманат етіп әкесіне қайтарған. Мұндай хабарды жеткізген жолаушыға сый-сияпат жасалып, әке қызының бақытын елге жария етіп той жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:42

17:45

17:29

17:06

16:46

16:21

15:44

15:35

15:23

15:15

15:13

15:05

15:02

14:44

14:40

14:34

14:29

12:48

12:30

12:10

11:46

11:40

11:09

10:54