Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақын Л.Шашкова: Алматыда Наурыз мейрамының кең көл...

Ақын Л.Шашкова: Алматыда Наурыз мейрамының кең көлемде тойлануы әсерлі әрі шабыттандырарлықтай

Әлеумет 22.03.2024, 13:28 1,060
Ақын Л.Шашкова: Алматыда Наурыз мейрамының кең көлемде тойлануы әсерлі әрі шабыттандырарлықтай
Сурет: almaty-akshamy.kz

Алматылық сарапшы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы жайында


2024 жылы елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта өтеді. Қазақстандықтар енді көктемнің келуін 10 күн – 14-23 наурыз аралығында тойлайды. «Наурызнаманың» онкүндігінің әр күні қоғамының ұлттық болмысы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырыптарға арналады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Зиялы қауым өкілдері өзгерістердің қазіргі қоғамда дәстүрлі мерекенің сақталуына және дамуына септігін тигізетіндігін бірауыздан атап өтті.


Ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының, Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Любовь Шашкова мерекенің жаңа форматы Наурыздың мәдени аспектілеріне көбірек назар аударуға мүмкіндік беріп, мәдени алмасу мен ұлттардың бірігуіне мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.


«Қазіргі Наурызды тойлауды Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында бастап кеттік. Сол кезде бұл мерекенің жаңа форматы мен мазмұны айқындалды. 22 наурызда күн мен түннің теңелетін күні тойланатын ғасырлар қойнауындағы мейрам. Ұзақ қыстан, көктем келіп, ағайын-туыс бас қосып, бір-бірімен көріседі. Бұл күнді құттықтау және алғыс айту күні десекте болады. Осылайша әр күн жаңа мағыналарға толы болды. Биыл Алматыда мерекенің тойлануы ұнады. Мерекелік шеруді өткізу тамаша идея – күймелердің, киіз үйлердің, түйе керуендерінің қозғалысы, яғни мұның бәрі бізді ұлттық тарихпен, ата-бабаларымызбен, түп-тамырымызбен байланыстыратын ғасырлар бойына жалғасатын мерекеге шын мәнінде дем беріп, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарды сақтауға шақырады», - деп бөлісті Л.Шашкова.


Сондай-ақ ол Наурыз мейрамының табиғатпен тығыз байланысты екенін, оның келуі қоршаған ортаны аялау керектігін еске түсіретінін айтты. Мәселен, Наурыз мейрамында қоршаған ортаны тазалау, ағаш отырғызумен қатар, табиғатқа, оның сый-сыяпатына тағзым ету ретінде ертеден келе жатқан бұлақтың көзін ашу рәсімі орындалады.


Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мейрамын тойлау жаңа тұжырымдама бойынша өтіп жатыр. Оған сәйкес, жыл сайын наурыздың 14-і мен 23-і аралығында қоғамның барлық саласын қамтуға арналған Наурызнама онкүндігі өтеді.


Бүгін 22 наурыз - Жаңа жыл. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында этноауылдар құрылып, ұлттық мәдени-спорттық шаралар, түрлі жәрмеңкелер өткізілуде.


23 наурыз – Тазару күні. Жаңа жылды жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде Наурызнаманың соңғы күні ретінде белгіленген. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Дәстүр #Салт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика