AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / «Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи фор...

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Қала тынысы Бүгін 13:36 32
«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

«Ұлы даланың ғажайыптары» атты республикалық этно-көрме аясында ұлттық мұра мен заманауи формат өзара үйлесім тауып, мазмұнды әрі әсерлі мәдени алаң қалыптасты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – қонақтарға қазақ халқының бай рухани және мәдени әлемін жаңа қырынан таныстыру, дәстүр мен бүгіннің арасындағы алтын көпірді нығайту.

Көрмеде дәстүр, мәдениет, табиғат және этникалық құндылықтарды арқау еткен үздік туындылар ұсынылды. Әрбір туындыдан ұлттық болмыстың терең тамыры, көшпелі өркениеттің ізі, дала мен адамның үйлесімді байланысы айқын сезіледі. Қонақтарға тек эстетикалық әсер сыйлап қана қоймай, әр жұмыстың астарындағы мән мен мағынаны ұғынуға мүмкіндік береді. Осы арқылы келушілер тарих пен бүгіннің арасындағы сабақтастықты тереңірек сезінеді.

Бұл көрме – қазақ дүниетанымын визуалды тілде жеткізетін, көрермен мен өнер арасындағы байланысты күшейтетін ерекше платформаға айналды.

Наурыз мерекесіне орай көрмеге арнайы келген өзбекстандық қолөнер шебері Сухроб Юсупов та өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Ол сазбалшықтан жасалған ыдыс-аяқтардың дайындалу үдерісі ұзақ уақытты талап ететінін атап өтті.

– Әрбір бұйым – жәй ғана тұрмыстық зат емес, ол – шебердің жан дүниесі мен еңбегінің жемісі. Саз балшықпен жұмыс істеу – шыдамдылық пен шынайылықты қажет ететін өнер. Мұндай көрмелер халықтарды жақындастырып, ортақ мәдени құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Этнограф, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызы да ұлттық өнердің маңыздылығына ерекше тоқталды:

– Кілем, алаша тоқу секілді ұлттық өнермен ұзақ жылдан бері айналысып келемін. «Киіз үй» атты кітабым жарық көрді. Біздің басты міндетіміз – осы асыл мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Көрмеге қатысу – тек өнер көрсету ғана емес, жастарға бағыт-бағдар беру, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру, – деп атап өтті ол.

Көрме алаңында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи интерактивті аймақтар да ұйымдастырылды. Арнайы орнатылған LED-экрандарда «Жеті қазына» символдары бейнеленіп, олардың мазмұны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне арналған мәдени бағдарлама ұсынылып, қаладағы негізгі мәдени локациялар бойынша ыңғайлы навигация жүйесі жасалды.

Келушілердің ерекше қызығушылығын тудырған нысандардың бірі – «Almaty AI – Болашаққа саяхат» атты LED-туннель болды. Бұл инновациялық кеңістік жасанды интеллект көмегімен Алматы қаласының келешектегі келбетін бейнелеп, көрерменді цифрлық әлемге жетеледі. Жарық пен дыбыстың үйлесіміне құрылған визуалды эффектілер келушілерге ерекше әсер сыйлап, болашаққа деген жаңа көзқарас қалыптастырды.

Сондай-ақ, ашық аспан астында ұйымдастырылған «Халықтық караоке» алаңдары мерекелік көңіл күйді еселей түсті. Төрт бірдей караоке аймағында қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті әндерін бірге орындап, ортақ қуаныш пен бірліктің айрықша атмосферасын сезінді. Бұл алаңдар көпшілікті біріктіріп, Наурыз мерекесінің шынайы рухын айқын көрсетті.

Жалпы, «Ұлы даланың ғажайыптары» этно-көрмесі ұлттық мұраны дәріптеумен қатар, оны заманауи технологиялар арқылы жаңғыртудың жарқын үлгісіне айналды. Дәстүр мен инновацияның үйлесімі көрмені тек мәдени іс-шара деңгейінде қалдырмай, көпшілікке шабыт сыйлайтын, рухани тұрғыдан байытатын ерекше кеңістік ретінде танытты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Салт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика