Алматыдағы “Парасат” әлеуметтік орталығында этно-кабинет ашылды
Алматыдағы “Парасат” орталығы ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектерге әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсетіп, олардың қоғамға бейімделуіне көмектеседі. Наурыз мерекесіне орай орталықта ұлттық құндылықтарды насихаттайтын этно-кабинет ашылып, мәдени-танымдық іс-шараларға жол ашылды.