Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ТЖ кезіндегі іс-қимыл дағдыларын үйрететі...

Алматыда ТЖ кезіндегі іс-қимыл дағдыларын үйрететін симуляциялық оқу орталығы ашылады

Әлеумет 06.12.2024, 14:22 477
Алматыда ТЖ кезіндегі іс-қимыл дағдыларын үйрететін симуляциялық оқу орталығы ашылады
Алматы әкімдігі

Қабылданған бюджетте қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қаражат бөлінген.

Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру ұзақ мерзімді және ауқымды қаржыны қажет ететін үдеріс болғандықтан, бұл мақсатқа шамамен 14 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр. 

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, қалада нысандардың нақты сейсмотұрақтылығын анықтау үшін төлқұжаттау жүргізілуде. Осы жұмыстың нәтижесінде 2025 жылы Жапония, АҚШ және Израиль үлгісінде ғимараттарды сейсмикалық күшейтуге арналған қалалық бағдарлама әзірленіп, енгізіледі. 

Алматыда әлеуметтік және әкімшілік мемлекеттік ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. 2025 жылы Бостандық және Медеу аудандарындағы 3 мектепті сейсмикалық күшейту аяқталады, сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы №50 мектеп-лицейде сейсмикалық нығайту жұмыстары басталады. Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы 7 балабақшада жұмыстар қолға алынады. 

Сонымен қатар, көшкін қаупін бағалау және көшкін қаупі бар учаскелердің (Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің бассейні) төлқұжатын жасау үшін 168,8 млн теңге сомасына 3 жылдық жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметінше, Алматы агломерациясын толық қамту және сейсмологиялық деректерді өңдеу жылдамдығын арттыру үшін қазіргі 51 сейсмостанцияға қосымша 70 станция орнату қажет. Бұл 2025-2026 жылдары жүзеге асырылып, жер сілкінісінің ерте ескерту жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қала аумағы бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жұмыс істейтін сейсмодатчиктермен қамтылады. Бұған қоса, Алматы инфрақұрылымын Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты көршілес мемлекеттердің жүйелерімен интеграциялауға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Қаланың қауіпсіздігін арттыру мақсатында симуляциялық оқу-әдістемелік орталықтың құрылысы да жоспарланған. Бұл жоба тұрғындарды төтенше жағдайда өзін-өзі құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретуге жол ашады. Орталық нұсқаушылары азаматтарға қауіп-қатер кезінде өзін-өзі қорғау және алғашқы көмек көрсету әдістерін үйретеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сейсмика #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бүгін 12:17

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Бүгін 11:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі