Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығында голболдан...

"Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығында голболдан спорттық іс-шара өтті

Әлеумет 22.01.2026, 15:16 211
"Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығында голболдан спорттық іс-шара өтті
сурет: автордан

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты КММ «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында голболдан спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Голбол - көру қабілеті бұзылған балалар мен ересектерге арналған командалық спорт ойыны. Ойын барысында ішінде қоңырауы бар арнайы доптар қолданылады, бұл ойыншыларға доптың орнын дыбыс арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

«Қалалық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру және спорт орталығы» ұйымдастырған «Қалалық инклюзивті ойындар» аясында Орталықтың қызмет алушылары жарысқа қатысып, II орынға ие болды.

Іс-шара белсенді әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылардың командалық рухын, физикалық белсенділігін және эмоционалдық жай-күйін дамытуға ықпал етті.

Бейімделген спорт түрлерімен айналысу қатысушылардың еңбекқорлығын, ерік-жігерін, табандылығын және мақсатқа ұмтылысын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасайды.

КММ «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықта қызметтердің 8 түрі ұсынылады: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтер.

Осындай спорттық іс-шараларды өткізу КММ «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады және қызмет алушылардың белсенді демалысын ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенім #орталық #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі