2025 жылғы 5 қыркүйекте "Целинный" заманауи мәдениет орталығы өзінің тұрақты жаңа ғимаратында — британ сәулетшісі Асиф Хан қайта ойластырған бұрынғы Кеңес кинотеатрында ашылады. Алғашқы айлары Орталық шектеулі форматта жұмыс жасайды, бағдарламаны, жұмыс уақытын және келушілердің мүмкіндіктерін ақырындап ұлғайтады, институт толық жұмыс тәртібіне қаңтарда келеді. Институцияда көрмелер ашылудан тыс, кең дискурсивті бағдарламадан басталады, оның ішіне дәрістер, талқылау, өз баспа шығарған кітаптардың тұсаукесері, бүкіл отбасыға арналған уоркшоптар және дөңгелек үстелдер, сондай-ақ Barsakelmes пәнаралық қойылымы өтеді.
Оған қатар үш көрме өтеді: Barsakelmes пәнаралық жоба аясындағы Гүлнұр Мұқажанова мен Дария Темірханның инсталляциялары, «Көктен жерге дейін: Асиф Ханмен "Целинный"» сәулет көрмесі — "Целинныйды" кеңес дәуірінің кинотеатрынан өнердің көпфункционал кеңістігіне айналғаны жайлы, оны тарихшы және сәулет тәлімгері Маркус Лахтеенмяки басқарады; және "Documentation: Орталық Азияның заманауи өнер картасындағы қиялдары", оның тәлімгері Әсел Рашидова болады. Бұл "Целинныйдың" Documentation жоба аясында жасалған мұрағаттық көрмесі, ол Орталық Азияның заманауи өнерін 1985 жылдан бастап жиналған мұрағат материалдары мен көпшілікке қолжетімді цифрлық дерекқорынан құралған.
"Целинныйдың" бірінші маусымы бас серіктес MasterCard қолдауымен ашылады.
Barsakelmes
Барсакелмес — қазіргі құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі ұмытылған аралдың атауы, ол Кеңес өкіметі кезіндегі экожүйені жойып, бүкіл қоғамдастықтарды күнкөрісінен айырған, адам қолымен жасалған апатты еске салады. Сөзбе — сөз аударғанда "Барсакелмес" "барсаң — қайтпайсың" дегенді білдіреді және отарлық жадыны өшіру немесе қалпына келтіру қиындығын ескереді.
Бұл тақырыпты географиялық әрі тұжырымдамалық тұрғыда Орталықтың ашылу бағдарламасы аттас перформанс аясында назарға алады. Ол орталықазиялық аңыздың қазіргі заманғы интерпретациясы болып табылады. Аңызда музыканың қасиетті күші жамандықты қуып шығып, халықты көптеген апаттардан құтқарады. Перформанс бұл аңызды біздің «дағдарыс» пен зұлым күштерін түсінуіміздің заманауи сыны ретінде қайта қарастырады, сомен қатар ол көркем ой-толғау, рәсім және ұжымдық жадыға үндеу ретінде көрініс табады.
Дыбыс пен бейнелердің, өткен мен бүгіннің диалогы, ғасырлық сын-қатерлер жайлы ойлар және жарқын болашаққа деген үміт арқылы ол бізге маңызды сұрақ қоюға шақырады: отарланған өткен кезден оралу мүмкін бе? Перформанс — ұмытылғанды есту талпынысы ғана емес, сонымен бірге қайта пайымдаудың батыл әрекеті — қайтып оралматын мекен, Барсакелместен жаңа бастау нүктесін табу үміті: ол — отаршыл тарихтың жарасын емдеуге арналған дәстүрлі ән мен үміт сыйлайтын көркемдік ашылу. Бұл жол — «жындарды тыныштандыру», оларды шыққан теңіз түбіне қайта жіберу сияқты ұжымдық күш арқылы ғана мүмкін. Мұнда Барсакелмес — қорқыныш емес, үміт тарихы.
Барсакелместі қайта синтездеу және қайта пайымдау — «Целинный» командасы мен qazaq indie ұжымы мен SAMRATTAMA, Балхаш снится, dudeontheguitar, Steppe Sons, lovozero, Zere, Saadet Türköz және қазақстандық екі суретші: Гүлнұр Мұқажанова мен Дария Темірханның бірлескен еңбегі. Олардың «Целинный» үшін жасалған арнайы инсталляциялары дербес туындылар ретінде перформанс барысында өзге қатысушылардың тәжірибелерімен диалог құрады. Barsakelmes жобасының тұжырымдама мәтінімен зерттеуші Диана Құдайберген жұмыс істеді.
Barsakelmes жобасының сюжетінен және идеясынан шабыттанып перформерлердің костюмдердерін, «алматылық төрттік» дизайнерлері: Алмас Керімбек (Qanaker), Әсем Сапарғали (Assem Sapargali), Абзал Сейдін (Abzal Seidin) және Расул Социал (RASSUL SOCIAL) әзірледі. Бұл — авангард бағытына бейім жас қазақстандық дизайнерлер, олардың жұмыстары мен көрсетілімдері перформанс пен сән қиылысында жасалып, Қазақстанның өнер сахнасында үлкен оқиғаға айналған.
Гүлнұр Мұқажанова, «Үміттің естеліктері» инсталляция. Венеция биенналесі үшін арнайы, Венеция, 2024–2025
Сурет: Джакопо Сальви. Венеция биенналесінің рұқсатымен. Оң жақта: Дария Темірхан, «Айдалалда», цифрлық коллаж, 2021. Сурет: суретшінің рұқсатымен.
Гүлнұр Мұқажанованың тәжірибесі қазақтың тоқыма дәстүрлерінен бастау алады және жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі құндылықтардың трансформациясы мен кімдік мәселелерін ашады, ол порталдар концепциясына қатысты «Целинный» үшін арнайы жасалған жаңа жұмысын ұсынады.
Тарихи тұрғыда Орталық Азия мәдениетінде ата-баба рухтары үйдің табалдырығында, дәлірек айтқанда, киіз үйдің қанқасында өмір сүреді деп сенген. Екінші жағынан, кіреберіс, портал — жерге байланыстылықтың негізі, барлық нәрсенің тірегі болып табылады. Бұл жағдайда портал қаңқасы қасиетті, ал туған жеріміз біздің бастауымыз ретінде қабылданады.
Мұқажанованың жаңа жұмысы «Босаға – өткел. Тек жадын қайта тоқу» киіз порталдардан жасалған ауқымды инсталляция болып табылады. Алтыбұрышты негіз үстінде көтерілген алты киіз портал ритуалдық перформанстарға арналған қасиетті кеңістік құрайды. Инсталляцияның сыртқы беті түрлі қанық түстерге боялған киізден жасалып, әр түс өзінің пульсациясын бүкіл бетке таратады. Бұл түстер біртіндеп ішкі бөлікке ауысады, ол тек бір реңмен — ақ түспен анықталады. Барлық түстерді өзіне жинақтаған осы жалғыз түс тұтастық пен құдайшыл әсерін тудырады. Қазақ оюларында ақ түстің бейнешілігі әрі туылуға, әрі өлімге қатысты, ал инсталляцияның интерьері трансформацияға және қайта жаңғыруға мүмкіндік беретін кеңістік жасайды. Тұжырымдаманың мәтінімен куратор Индира Дүсебаева-Зиябек жұмыс істеді.
Дария Темірхан, қазақ суретшілерінің жаңа буындарының бірі, коллаж, кино және инсталляция жанрларында еңбек етеді. Оның жаңа видео жұмысы «Кім сенің түстеріңді қорғайды?» (2025) жылан мен айдаһар бейнеленген акварельдер сериясына негізделген және суретші Евгений Сидоркиннің (1930–1982) қолынан шыққан әрі қайта жөнделген ғимараттың сграффитосына проекцияланады. Темірхан еңбегі қазақ аңызы — айдаһарлар, су рухтары жайлы мифке сүйенеді және көрермендерді фрагменттер әлеміне жетелейді, мұнда суретшінің ассоциациялық қабылдауы идеялардың жаңа байланыстарын тудырады.
Қазақстандық тәуелсіз музыкалық лейблы qazaq indie Barsakelmes жобасының перформативтік бөлігіне жауап береді, ол 2025 жылдың желтоқсанына дейін өткізіледі. Қатысушылар қатарында: қазақстандық музыкант Самрат Іржасовтың музыкалық жобасы SAMRATTAMA, spoken-word жобасы «Балқаш снится», орындаушы dudeontheguitar, фолк-топ Steppe Sons және дыбыс суретшісі lovozero; сондай-ақ қырғыз әншісі әрі автор-орындаушы Zere және халықаралық деңгейде танылған вокал тәжірибеші Saadet Türköz.
SCCA мұрағатындағы негативтердің фотоқұжаты
Цифрлық деректер базасы Documentation, «Целинный». Сурет: «Целинный».
Құжаттама: Орталық Азияның заманауи өнер картасындағы қиялдары
«Құжаттама: Орталық Азияның заманауи өнер картасындағы қиялдары» бізді Орталық Азиядағы қазіргі өнердің жаңа мыңжылдық тоғысындағы өмірін зерттеуге және еске алуға шақырады. Көрме аймақтың ішкі қабылдауына және жаһандық, негізінен батыстық, өнер сахнасындағы орнына назар аударады. Бұл кезең Орталық Азия өнерінде өзінің заманауи тілін қалыптастырумен, жаңа бағдарларды іздеумен, ескі және жаңа орталықтармен пікірталасымен, сондай-ақ соларға қатысты ұстанымымен ерекшеленді.
Нарратив «Целинный» жобасының Documentation жинағының пішіні мен қисынына сүйенеді. Ол сызықтық емес, фрагменттелген әрі мобильді болып келеді, өткеннің бір мезгілдегі бытыраңқылығын да, тұтастығын да жеткізеді және оны бүгінгі күнге көшіреді. Тәлімгер Асель Рашидова дайындаған бұл интерактивті, пікірталастарға негізделген көрме мұрағатты суретшілер мен зерттеушілердің ынтымақтастығы үшін ашық платформа ретінде қарастырады, мұның мақсаты — өткенді сақтау және зерделеу.
Көрмеге өнер туындылары және қосымша материалдар: бейне- және фотоқұжаттамалар, эскиздер, кураторлық және сыни көркем мәтіндер, Қазақстанның қазіргі өнер сахнасының әртүрлі кезеңдерінен алынған жаңалық мақалалары кіреді.
© Asif Khan Studio
Көктен жерге дейін: «Целинный» және Асиф Хан
Тәлімгер Маркус Лахтеенмяки жасаған бұл көрме сәулетші Асиф Хан жүргізген «Целинныйдың» қайта жаңғырту процесінің трансформациялық жолын зерттейді, тарих, инновация және орнықты даму арасындағы диалогты көрсетеді. Макеттер, фотосуреттер, интерактивті цифрлық дисплейлер мен бастапқы ғимараттан алынған артефактілердің үйлесімі арқылы келушілер мәдени нысан ретінде қызмет еткен және дамыған кеңістіктің эволюциясын қадағалай алады.
Орталықтың 2025 жылғы басқа да оқиғалары
Ашылуға арналған іс-шаралардан бөлек, «Целинныйдың» ашылу бағдарламасына Орталық Азиядағы инклюзивті театр зертханасы «Тіке әсер» перформансы; «Целинный тарих(тары)» атты кино бағдарламасы (кино тарихының баламалы траекторияларын ұсынады және «Целинныйдың» кинотеатр ретіндегі өткеніне назар аударады); сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған кең ауқымды білім беру бағдарламасы кіреді. Бұған қоса, «Целинный» баспа бағдарламасы аясында дайындалған кітаптар таныстырылады: Күлшат Медеуованың «Байконур vs Байқоңыр. Ғарыш туралы ауызша тарих кітабы» және Мәдина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» (2020) атты жаңа басылымы. 2025 жылы жүзеге асырылатын жобалардың толық тізімін мына жерден табуға болады.
2025–2026 жылдарға арналған жоспарлар
Алғашқы айларда «Целинный» шектеулі форматта жұмыс істейді, уақытын және бағдарламасының көлемін біртіндеп ұлғайтады. 2026 жылдың қаңтар айында бұл кезең аяқталып, орталық күн сайын сағат 11:00 ден 19:00 аралығында, дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейтін болады. 22 қаңтарда заманауи қазақ суретшілер Ғалым Маданов пен Зауреш Терекбайдың «Аңыздар мен ойдан шығарулар» атты жеке көрмесі ашылады. Онда бұрынғы жұмыстарымен қатар арнайы осы көрме үшін жасалған жаңа инсталляциялар ұсынылады. Көрмелік жобамен қатар орталықтың тұрақты бағдарламасына көптеген білім беру жобалары енеді: балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама, көрмелер бойынша тегін медиаторлық экскурсиялар, эксперименттік кино бағдарламасы, музыкалық перформанстар мен концерттер және басқа да іс-шаралар.
Ықылас атындағы Ұлттық аспаптар мұражайында Хуншо Фань мен Дәулет Жаншиннің концерті. Korkut дыбыс өнерінің бірінші Триенналиі, 2022 жыл. Сурет: Целинный.
Korkut дыбыс өнерінің Триенналиі II: Мәңгі желдің рәсімдері
«Целинный» заманауи мәдениет орталығының бастамасымен ұйымдастырылған Триеннале заманауи дыбыс өнерінің пішініне, перформативті тыңдау тәжірибелеріне, экспериментал және авангард музыкаға, ауызша жанрларға және тағы басқаға бағышталған. Екінші Триенналедің тәлімгерлері — Базельде тұратын, дыбыс пен отарсыздану бағытында жұмыс істейтін суретші-зерттеуші Стас Шарифулла (HMOT) және «Целинный» командасының мүшелері: Мәдина Садыбекова мен Әнуар Дүйсенбинов. Жаңартылған концепция Орталық Азия, түркі, солтүстіказиялық және басқа да өңір мәдениеттері түбегейлі түрде аудиал екендігін түсінуге негізделген, онда тарихи тұрғыда ауызша және тыңдау дәстүрлері жазбаша дәстүрлерден басым болған. Триенналеге шамамен 20 суретші қатысады, олардың көбісі Орталық және Солтүстік Азиядан, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азиядан. Тәлімгерлік мәтін мен қатысушылардың толық тізімі сайтта жарияланады.
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы жайлы
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы (ЗМО «Целинный») — Қазақстанда және аумақты — Орталық Азияда диалог орнату арқылы жергілікті зиялы және көркем қауымдастықты қолдауға және нығайтуға бағытталған аймақтық институция. «Целинный» платформасындағы ашық ойлар мен сыни талқы заманауи суретшілерді, зерттеушілерді және ғалымдарды біріктіреді. Орталық 2018 жылы қазақстандық кәсіпкер әрі меценат Қайрат Боранбаевтың бастамасымен құрылды.
Жұмыс кестесі:
Қыркүйек айында:
Жұма, сенбі, жексенбі – 15:00–19:00.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі – демалыс.