Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Саялы шағын ауданында инновациялық шығар...

Алматының Саялы шағын ауданында инновациялық шығармашылық орталық пайда болады

Әлеумет 24.04.2025, 10:10 894
Алматының Саялы шағын ауданында инновациялық шығармашылық орталық пайда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Инновациялық техникалық колледждің құрылысы 2026 жылдың қаңтарында аяқталады

Алматы қаласы Алатау ауданының Саялы шағын ауданында келесі жылы Инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдан бастап Нұркент шағын ауданында балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін Инновациялық шығармашылық орталық табысты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда орталыққа 2 300 бала келеді. Бұл тәжірибені Саялы шағын ауданында жалғастыруға ниеттіміз, онда 2026 жылдың қыркүйегінде Инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталады деп күтеміз», - деді Ерболат Досаев. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, ауданның  Алғабас шағын ауданында 720 орындық жаңа Инновациялық техникалық колледждің құрылысы жалғасуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі-2026 жылғы қаңтар.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Түрксіб ауданының Жас Қанат шағын ауданында Даму және шығармашылық орталығының құрылысын бастау жоспарланған еді. 

Биылғы жылы Бостандық ауданында апта сайын 2 мың бала оқи алатын заманауи Оқушылар үйі ашылды, ал Алмалы ауданындағы ескірген Оқушылар үйінің орнында «Шабыт» заманауи балаларды дамыту орталығы ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #инновация #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды»

Бүгін 14:05

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

Бүгін 13:51

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн»

Бүгін 13:35

Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді

Бүгін 13:29

Дәуір тұлғасы: Қуаныш Әжмағамбетов және оның Жетісу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика