AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

Алматыда балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

Әлеумет 25.03.2025, 14:51 106 Гүлжанат Сембаева
Алматыда балаларға арналған дамыту орталығы ашылды
aqshamnews.kz

Бүгін қалада балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына арналған «Шабыт» балаларды дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысып, жаңа ғимараттың ішін аралады. 

Кешен балаларға қосымша білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және спортпен айналысу үшін қажетті жабдықтармен қамтылған. Мұнда өнер, IT технологиялар, спорт және сауықтыру бағыттары бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар, заманауи бассейн, интерактивті сыныптар да бар. 

Орталықтың басты мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына ықпал ету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.  Оқу орны 2500 балаға арналған. 

“Бұл нысанның тарихына тоқталсақ, ғимарат 1952 жылы салынған. Ол кезде мұнда Оқушылар үйі орналасқан болатын. Ғимарат ескірді. Сондықтан қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік жауапкершілік аясында жекеменшік мекемелердің бірі қолдау көрсетіп, ескі ғимарат сүріліп, жаңасы салынды. Қазіргі таңда жаңа ғимараттың жалпы ауданы  - 3000 шаршы метрден асады, ал бұрын небәрі 1500 шаршы метр еді. Жалпы, орталықта заманауи құрал-жабдықтардың бәрі бар. Басты ерекшеліктерінің бірі – бұл жерде балаларға арналған бассейн бар. Оны кішкентай балалар да, ересек оқушылар да пайдалана алады. Білім беру орталығы бұрын 1000 балаға дейін қабылдай алса, қазір бұл көрсеткіш 2500-ге дейін жетті.  Айта кететін жайт, мұнда тек Алмалы ауданының ғана емес, қаланың барлық баласы келе алады. 
Қазіргі уақытта Алматы қаласында осындай қосымша білім беру нысандарының санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, осындай жаңа ғимаратты Бостандық ауданында да салу жоспарда бар. Сонымен қатар, бүгін Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Оқушылар үйінің үлкен концерттік залы ашылды. 550 орынға арналған заманауи зал дыбыс жабдықтарымен толық қамтылып, күрделі жөндеуден өтті. Онда концерттер өткізуге барлық жағдай жасалған”, - деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

“ Шабыт” балаларды дамыту орталығының директоры Бақытгүл Мұратқызы:
”Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Білім беру жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашылып, балаларды жан-жақты  дамытуға арналған орталық ашылды. Бұл қуанышты сәт  Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр. Шығармашылық орталық балаларға мол мүмкіндіктер ұсынады. Орталығымыздың басты нысандарының бірі – бассейн, бұл біздің жаңа спорттық-сауықтыру бағытымыздың бір бөлігі. Сонымен қатар, робототехника кабинеті балалардың техникалық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. 
Орталығымыз толықтай инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Үйірме кабинеттерінде заманауи жиһаз, интерактивті панельдер, моноблоктар және ноутбуктер бар. Балалар bilimalmaty.kz сайты арқылы үйірмелерге тіркеле алады. Мектеп жасындағы балалар үшін үйірмелер тегін, сондай-ақ жеке ақылы үйірмелер де қарастырылған”, - деді. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #орталық #үйірме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);