AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырма...

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Медицина Бүгін 11:30 32
«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа Инфрақұрылымды дамыту қорынан 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлерде денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы қаладағы 22 бригаданың және ауылдық жерлердегі 14 бөлімшенің жұмысын үйлестіреді. Олар 510 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Әр бригада тәулігіне орта есеппен 16 шақыртуға шығады. Жыл сайынғы шақыртулар саны 100 мыңнан асады.

Жалпы аумағы 1,5 гектар болатын кешеннің құрамына төрт қабатты негізгі ғимарат, цифрлық диспетчер қызметі, симуляциялық орталық, 20 санитариялық автокөлікке арналған жылы гараж, көлік жуу орны мен жөндеу шеберханасы кіреді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған. 

Жаңа ғимаратта арнайы техниканы, медициналық құралдар мен дәрілік заттарды да сақтауға арналған үй-жайлар қарастырылатын болады. Стансаны «суық тізбекті» ұстап тұруға арналған жабдықтармен жарақтандыруға ерекше назар аударылмақ, бұл препараттарды сақтауға қажетті температураны қамтамасыз етуге және олардың сапасы мен тиімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңа жедел жәрдем стансасының құрылысын салу шұғыл шақыртуларға бару уақытын қысқартып, өңір тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жеделдігін арттыра түспек. Заманауи цифрлық диспетчерлік бөлме қоңырауларды өңдеуді жеделдетуге, олардың басымдығын дәл айқындауға және медициналық бригадаларды жедел бағыттауға мүмкіндік береді. Жаңа ғимаратта қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін симуляциялық орталық және санитарлық көліктің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жылы гараж қарастырылған.

Қазақстанда халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Биыл Қазақстанда 50-ге жуық денсаулық сақтау нысанын салуға 108 млрд теңге бөлінген. Өңірлерде ірі нысандар қарқынды салынуда, олардың ішінде Қызылорда мен Өскемендегі 300 төсектік көпсалалы ауруханалар, Атырау облысындағы емханалар, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы және Талдықорғандағы амбулаториялық кешендер бар. Өскемен қаласында заманауи Гематология орталығы пайдалануға берілді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #Тоқаев #құрылыс #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 25 метрлік бассейннің құрылысы аяқталуға жақын

Бүгін 11:32

Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді

Бүгін 11:07

Алматыдан шыққан Халық Кеңесінің мүшелері Президент Жолдауының басым бағыттарын қолдады

Бүгін 11:01

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының басшылығы ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Бүгін 10:27

Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алды

Бүгін 10:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);