AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы 40%...

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға дейін артады

Медицина Бүгін 15:45 53
Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға дейін артады
Аlmaty.tv

Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлері үшін үздіксіз еңбек өтілі мен психоэмоционалдық жүктемені ескере отырып, сараланған қосымша ақы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесіндегі жұмыстың тартымдылығын арттыру мақсатында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарына сараланған қосымша ақы белгілеу ұсынылады. Емхана жүйесінде жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтілін ескере отырып 40%-ға дейін ұлғаяды», — деп атап өтті министр.

Өңірлерде аудандық ауруханалар, жедел жәрдем стансалары мен қан орталықтарын қоса алғанда, 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарлануда. Оның ішінде 8 перинаталдық орталық, 7 көпбейінді балалар ауруханасы, Балалар шұғыл көмек көрсету орталығы және Балалар хирургиясы орталығы бар. Сондай-ақ Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының 5 жаңа үлгілік өңіраралық филиалын және 25 амбулаториялық-емханалық нысанды салу жоспарланған.

«Жобаларды жүзеге асыру 1,8 млн шаршы метр медициналық инфрақұрылымды құруға және жаңартуға, стационарлардағы төсек санын 9,2 мыңға ұлғайтуға және жаңғыртуға, сондай-ақ амбулаториялық көмек қуатын ауысымына 5 мыңнан астам келушіге көбейтуге мүмкіндік береді», — деді Ақмарал Әлназарова.

Оқи отырыңыз: Отбасының цифрлық картасы екінші деңгейлі банктер жүйесімен интеграцияланады

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #медицина #денсаулық #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Орталық көшесінің бір бөлігі бірнеше түнге жабылады

Бүгін 16:37

Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:05

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 15:55

Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат

Бүгін 15:50

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты

Бүгін 15:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);