AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөні...

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді

Медицина Бүгін 15:45 30
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысандарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы тұрғын алабында құны 3 млрд теңгеден асатын, 10 санитарлық машина сиятын гаражбен жабдықталған, жылына 25 мың шақыртуға баруға арналған жедел және шұғыл медициналық көмектің жаңа қосалқы стансасы салынады. Жаңа қосалқы станса бригадалардың келу уақытын қысқартуға және Қарғалы, Ақжар, Көктем, Қызылжар сынды басқа да қала маңындағы аумақтардың қарқынды дамып келе жатқан тұрғын алаптарының тұрғындары үшін шұғыл көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қосалқы стансаның жеті бригадасы шамамен 110 мың адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ осы аудандардың белсенді дамуы жедел жәрдем қызметіне жүктеменің одан әрі артуына әкеледі.

Сонымен қатар өңірдегі қолданыстағы медициналық ұйымдардың қуатын кеңейтуге бағытталған екі жобаға қаражат бөлінді. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі есебінен кабинет қоры кеңейтіліп, пациенттерді қабылдау жағдайы жақсарады. Атап айтқанда, Ырғыз аудандық ауруханасының жанынан ауысымына 300 адам қабылдауға арналған құны 1,3 млрд теңге болатын екі қабатты емхана ғимараты салынады. Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына құны 1,4 млрд теңге болатын екі қабатты ғимарат салынады.

Жалпы, осы жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #денсаулық #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Бүгін 16:00

Алматы Арбатында Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 15:48

Телеарналар Қазақстанда ақпарат көздерінің арасында позициясын нығайтып келеді – әлеуметтанулық зерттеу

Бүгін 15:39

Astana AI Film Festival әлемдегі AI-фильмдер арасындағы ең ірі байқауға айналды

Бүгін 15:26

Astana AI Film Festival AI-киноның ең ірі алаңына айналды

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);