AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ішкі аурулар медицинасы мамандарының конг...

Алматыда ішкі аурулар медицинасы мамандарының конгресі өтті

Алматы 31.10.2026, 11:13 214
Алматыда ішкі аурулар медицинасы мамандарының конгресі өтті
Нұржамал Әліш

Алматыда Республика Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Мүмкіндіктер интеграциясы: терапиядан хирургияға дейін» атты конгресс өтті.

Алқалы жиын Қазақстан мен шет мемлекеттерден келген дәрігерлердің басын қосып, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, медициналық көмектің сабақтастығын және мамандар арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды талқылауға мүмкіндік берді.

Конгреске қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында білімнің, ғылымның, инновациялар мен жасанды интеллектінің қазіргі заманғы прогрестің негізгі қозғаушы күштері ретіндегі рөліне ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Заманауи диагностикалық технологиялар, цифрлық шешімдер, іргелі және қолданбалы ғылымның жетістіктері ауруларды ерте анықтауға, емдеу мен профилактика әдістерін жетілдіруге, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. КІА ҒЗИ үшін бұл бағыттар ғылыми және практикалық қызметтің маңызды бағдарлары болып табылады. Біз отандық денсаулық сақтаудың болашағы ғылымның, білім беру мен клиникалық практиканың тығыз ықпалдастығына, сондай-ақ медицина мамандарының озық технологияларды меңгеріп, пациенттердің игілігі үшін инновациялық шешімдерді енгізуге дайындығына байланысты екеніне сенімдіміз», – деді Рүстем Төлеутаев.

Конгрестің ғылыми бағдарламасы кардиология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, ревматология және пульмонология салаларын қамтыды. Қосымша патологиясы бар пациенттерді емдеуге, оңтайлы емдеу тактикасын таңдауға және медициналық көмектің әр кезеңіндегі мамандардың өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Бұл мәселелердің өзектілігі созылмалы инфекциялық емес аурулардың кең таралуымен байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, 2023 жылы жүректің ишемиялық ауруынан әлемде шамамен 9,5 млн адам қайтыс болған. Ал 2024 жылы 30–79 жас аралығындағы шамамен 1,4 млрд ересек адам артериялық гипертензиямен өмір сүрген. Алайда олардың тек 23%-ында ғана артериялық қан қысымын бақылауда ұстау мүмкін болған.

Қант диабеті де денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Халықаралық диабет федерациясының мәліметінше, 2024 жылы әлемде 589 млн ересек адам қант диабетімен өмір сүрген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 2025 жылы елімізде қант диабетімен ауыратын 558 мыңнан астам пациент диспансерлік есепте тұрған. Олардың шамамен 95%-ында 2-типті қант диабеті анықталған.

Жүрек-қан тамырлары, эндокриндік, ревматологиялық және тыныс алу жүйесі ауруларының, сондай-ақ ас қорыту ағзалары патологияларының өзара байланысы диагностика мен емдеуде кешенді тәсілді қажет етеді. Сондықтан конгрестің негізгі тақырыбы әртүрлі медициналық мамандықтардың мүмкіндіктерін біріктіруге арналды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #конгресс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 19:27

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 19:23

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);