AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері: Алма...

Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері: Алматы кардиологтары күрделі оталар жасады

Әлем 18.09.2026, 11:10 227
Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері: Алматы кардиологтары күрделі оталар жасады

Қазақстан медицинасының күндері екі елдің медицина мамандары арасында тікелей кәсіби диалог орнатып, клиникалық тәжірибе алмасуға және медициналық саладағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қырғыз Республикасында өткен Қазақстан медицинасының күндері аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев М.Миррахимов атындағы Ұлттық кардиология және терапия орталығында 45 жастағы пациентке шағын ғана 4 см тілік арқылы мини-инвазивті операция жасады.

Мини-инвазивті операциялардың басты артықшылығы – тіндердің барынша аз жарақаттануы мен қан жоғалтудың төмен болуы. Бұл емдеу және оңалту үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Операция сәтті өтті.

Сонымен қатар, КІА ҒЗИ кардиохирургтары 65 жастағы, 2-типті қолқа қатпарланатын аневризмасы диагнозы қойылған пациентке күрделі ашық операция жасады. Мамандар қолқаның жоғары бөлігін протездеу және қолқа қақпақшасын өз қалпында сақтай отырып, оның пластикасын жасады. Операция 27°C гипотермия жағдайында жүргізілді. Бұл әдіс ағзаларды қорғау мақсатында қан айналымын аса маңызды аймақтарда уақытша тоқтатуға мүмкіндік беріп, ми мен басқа да тіндердің қайтымсыз зақымдану қаупін төмендетеді. Отаның нәтижесі жақсы болды.

Операциялар екі ел мамандарының бірлескен жұмысы форматында өтіп, практикалық тәжірибемен тікелей алмасуға, заманауи хирургиялық технологияларды көрсетуге және күрделі кардиохирургиялық пациенттерді емдеу тактикасын талқылауға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, Бішкекте өткен екі күн ішінде КІА ҒЗИ интервенциялық кардиологтары коронарлық артериялардың күрделі діңдік зақымдануы бар пациентке тамырішілік ультрадыбыстық зерттеуді қолдана отырып, күрделі тері арқылы жасалатын коронарлық араласу жүргізді. Мамандар 2 стентті сәтті имплантациялап, 2 коронарография жасады және 5 пациент консультация алды, ғылыми-практикалық конференцияда бір презентация ұсынылды.

Аритмологтар жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылысы бар пациентке екі камералы электрокардиостимулятор имплантациялау операциясын орындады.

Кардиохирургтар 2 операция жасады: 1 – мини-инвазивті қолжетімділік арқылы және ашық жүрекке жасалған операция, бір презентация

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);