Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі...

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Спорт Бүгін 17:01 29
Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Сурет: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 халықаралық жолдастық турниріне дайындықты бастап, кеңейтілген тізімді жариялады.

Турнир 25-28 наурыз аралығында Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды, екінші ойында Кувейт немесе Намибия құрамасының жеңімпазымен кездеседі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі kaz.inform.kz-ке cілтеме жасап.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 50 футболшы кірді, ал турнирге 26 ойыншы тіркеледі. Тізім келесідей:

Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – «Елімай»), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхаммед Караман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар:
Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турынан кейін Астанада басталады. FIFA Series 2026 турнирінде Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді: 25 наурыз күні 15:00-де «Астана Аренада» Комор аралдарына қарсы, ал 28 наурызда алғашқы ойындағы нәтижеге байланысты Кувейт немесе Намибия құрамасының жеңімпазымен кездеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Қазақстан құрамасы #Тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика