AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және...

Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

Спорт Кеше 14:48 36 Сұлу
Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр
gov.kz

Ұлттық спортты, өнерді, білім мен руханиятты тоғыстырған ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, өнерпаздар мен қонақтар жиналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Фестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңызына тоқталды.

«Қойнауы құтқа толған, баурайы жұртқа толған Тарбағатайдың еңісін жайлаған Ақсуат жері – халқымыздың тарихы мен тағдырында айрықша орны бар қасиетті мекен. Елдің сөзін сөйлеп, ұлт руханиятын байытқан, түгін тартса май шығып, тасын түртсе тарих сөйлейтін бұл өңір талай тау тұлғаны дүниеге әкелген тағылымды өлке. Сондықтан бүгінгі бас қосудың дәл осы қасиетті топырақта өтуінің өзіндік мәні бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Шын мәнінде, туған жеріңді сүюден асқан бақыт жоқ. Жүрегі Отаным, Елім, Жерім деп соққан адам ештеңеден қаймықпайды», – деп атап өткен болатын. Осындай елін сүйген, елі сүйген азаматтар біздің ортамыздан табылып отыр. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан дүбірлі тойдың шашбауын көтерген атымтай жомарт жандарға, жерлесіміз Дулат Тастекеевке және Қайырлы Хасеновке барша аудан, облыс жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін! Биыл бұл фестивальдің маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Өйткені, «Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі республикалық деңгейде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шаралар тізбесіне енгізіліп, кең көлемде аталып өтуде. Бұл – Ақсуат өңірінің тарихи-рухани әлеуетіне берілген жоғары баға. Фестиваль бағдарламасының өз бастауын халқымыздың ардақты перзенті, елдік пен ерліктің символына айналған Ырғызбай ата кесенесінен алуы – өткенге тағзым мен рухани сабақтастықтың айқын белгісі. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан фестиваль ұлттық спорт пен спорт пен өнерді, білім мен мәдениетті бір арнаға тоғыстырып отыр», – деді аймақ басшысы.

Шара барысында ұйымдастырушылар көп балалы анаға пәтер кілтін тапсырды. Сондай-ақ, «Тарбағатай тарланы», «Асыл ана», «Асыл тас» медальдары, екі студентке грант берілді.

Фестиваль аясында алғаш рет республикалық тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирі, ASSYL TULPAR бәйге жарыстары, аударыспақ сайысы және «Артық білім – кітапта» облыстық зияткерлік байқауы ұйымдастырылуда.

ASSYL ARLAN турнирінде өгіз палуан мен түйе палуан анықталса, ASSYL TULPAR аясында 25 шақырымдық аламан бәйге, 15 шақырымдық топ бәйге және 20 шақырымдық «Ақсуат арғымағы» жарысы өтеді.

Үш күнге жалғасатын фестиваль бағдарламасы Ырғызбай ата кесенесіндегі тағзым шараларынан басталып, ұлттық спорт жарыстары, мәдени-көпшілік іс-шаралар, театрландырылған қойылымдар мен концерттік бағдарламаларды қамтиды. Фестиваль аясында ASSYLTAS театрының «Ауыл кеші көңілді» музыкалық қойылымы көрсетіліп, гала-концерт ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #алаң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Бүгін 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Бүгін 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Бүгін 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);