AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Еуропалықтар таңғалып жазады". Футболдан алты жас...

"Еуропалықтар таңғалып жазады". Футболдан алты жасар вундеркинд Айсұлтанның таланты таңдай қақтырды

Мұны білген жөн 19.02.2026, 16:05 221 Дина Литпин
"Еуропалықтар таңғалып жазады". Футболдан алты жасар вундеркинд Айсұлтанның таланты таңдай қақтырды

Әлеуметтік желіде теңбіл допты еркін меңгеріп, ойыны әлемдік футбол жұлдыздарының техникасына ұқсайтын алты жасар балақайдың видеоларын көрген боларсыз. Айсұлтан есімді жас футболшының алаңдағы батылдығы мен ойлау қабілеті көпшілікті таңғалдырды. Оның талантына тәнті болған көпшілік түрлі пікір қалдырып, болашағынан үлкен үміт күтіп отыр. Aqshamnews.kz тілшісі жас футболшының спорттағы жолы мен жетістіктері жайлы әкесі Мейрамбек Рахматуллинмен тілдесті.

"Айсұлтан доп тепсе, үлкендердің өзін шаң қаптырады"

Айсұлтан - Мейрамбек Рахматуллиннің үшінші перзенті. Алты жастағы балақай бүгінде Орал қаласындағы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының нөлінші сыныбында оқиды. Футболға деген қызығушылығы төрт жасынан байқалған.

"Айсұлтанды футболға төрт жасында апардым. Оған дейін өзі де, ағасы Айтөре де бір жылдан аса секцияға жаздыруымды сұрап жүрді. Бастапқыда аса мән бермедім, кейін көршілер оның ойыны жақсы екенін жиі айта бастады. Содан екеуін “Babyfootball” секциясына сынақ сабағына апардым да, алғаш ойынын көріп, өзім таңғалдым: үлкен балалармен ойнап, бәрін шулатып жіберді. Бапкерлер бұл жаста мұндай техника мен ойынды сирек көретінін айтып, талантын бірден байқады, әрі денсаулығы мен дамуын мұқият бақылап, футболдан қалдырмауымды өтінді", - дейді кішкентай дарынның әкесі.

Ағадан үйренген алғашқы сабақ

Айсұлтанның футболға бейімделуінде ағасы Айтөренің орны ерекше. Ол інісін кішкентайынан доп тебуге баулып, бірге ойнап, футбол матчтарын үзбей көріп жүрген.

"Айтөре Айсұлтан аяғын басқан шақтан доп тебуді үйретіп, бірге ойнап, үлкен футболды ютубтан, теледидардан бірге тамашалап жүретін. Айсұлтанның алғашқы бапкері осы өзінен үш жас үлкен ағасы. Әлі күнге дейін олар спарринг-серіктес ретінде бірін-бірі жақсы дамытып келеді", - дейді Мейрамбек мырза.

Футболдық интеллект және 90 пайыз дарын: Айсұлтанның ерекшелігі не?

Қазір Айсұлтан Babyfootball секциясында жаттығады. Бұл - голландиялық әдіс бойынша жұмыс істейтін, балалар футболына арналған орталық. Ол аптасына топпен және жеке жаттығуларды қоса есептегенде жеті сағат дайындалады.

"Алғашқыда Эльданис, Эвальд есімді жас бапкерлер, кейін ҚПЛ-да ойнаған кәсіби футболшы Драмане Коне жаттықтырды. Қазіргі уақытта “Ақтөбе” ФЦ академиясының түлегі Әбілжан Бекет Ақылбекұлы жаттықтырып жатыр. Осы тұста балама қолдау білдіріп, жанашырлық танытып жүрген бапкері мен секция әкімшілігіне алғыс білдіргім келед", - дейді Мейрамбек мырза.

Әкесінің айтуынша, Айсұлтанның басты артықшылығы - футболдық интеллекті мен батылдығы.

"Алаңды көріп, командаластарына ассисттік пастар беруі, жасым кіші деп қорықпай, ойынды өзіне алуы, топты жетелеуі ерекше көзге түседі. Тез ойлануы, шешім қабылдауы, жалпы бұл қасиеттері 90 пайыз табиғатынан дейді бапкері", - деді әкесі.

"Еуропалықтар пікір қалдырып, таңғалғандарын жазып кетеді"

Айсұлтанның ойыны бастапқыда қателіктерін талдау үшін ғана видеоға түсірілген. Кейін бұл видеолар әлеуметтік желіде кең тарап, миллиондаған қаралым жинады. Көпшілік оны Месси, Роналду секілді жұлдыздармен салыстырып та жүр.

"Айсұлтан өзіміздің "Қайрат" ФК мен Дастан Сәтпаевтың жанкүйері. Шетелдік клубтардан Реал Мадрид пен Барселона клубтарын жақсы көреді. Сондай-ақ, Модрич, Крос, Де Брюине секілді шабуылдаушы орталық қоғаушыларды жақсы көреді. Ол болашақта танымал, кәсіби футболшы болуды қалайды". Оның видеосын көрген еуропалықтар әзілдеп: "егер мына бала менің балам болып, өскенде футбол жұлдызы болмаса, мені соттап жіберетін шығар" деп пікірлер жиі жазады", - дейді әкесі.

Желідегі видеолардан соң қызығушылық танытып, шақырту жіберген шетелдік клубтар да бар екен. Алайда әкесі әзірге құжаттық, қаржылық және психологиялық мәселелерді ескере отырып, әр қадамды ойланып жасау қажет екенін жеткізді. Алдағы уақытта жақсы жаңалықтар болып жатса, міндетті түрді бөлісетінін және Айсұлтанның талантын сөндіріп алмас үшін кез келген қадамға дайын екенін де баса айтты.

@aisultan3515 0-2 ұтылып жатып, екінші таймда теңестірген едік. Бірақ, қарсылас үшін жеңіс голын төреші соғып бергендей болды. #aisultan #football #айсұлтан #футбол ♬ orijinal ses - 𝕊𝕦𝕤𝕢𝕦𝕟𝕄𝕚𝕤𝕣𝕒𝕝𝕒𝕣✍️
Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #талант #Жас таланттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);