Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік органдардың өкілдері, коммуналдық қызметтер, бизнес қауымдастығы, қоғамдық және жастар ұйымдары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.