AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Таза Қазақстан 25.04.2026, 14:09 592
Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Алматыдағы Бұтақты шатқалында 700-ден астам адамды біріктірген ауқымды сенбілік өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тазалық жұмыстарына әртүрлі діни конфессия өкілдері, қоғам белсенділері, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сенбілікке қатысушылар күн сайын мыңдаған табиғатсүйер қауым келетін танымал тау бағытын тазартты.

«Біз Алматы үшін айрықша маңызы бар көркем жерде тұрмыз. Медеу ауданы әкімдігі тарапынан күз мезгіліне дейін бұл аумақтың тазалығын қадағалап, тәртіпті сақтаймыз», – деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Бұл аумақтың таңдалуы кездейсоқ емес. Мамандардың айтуынша, әртүрлі дін өкілдерінің алматылықтардың сүйікті демалыс орындарының бірінде ортақ мақсат жолында бірігуі ерекше мәнге ие.

«Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз. Қаланың тазалығы мен табиғатты аялау – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі», – деді ұйымдастырушылар.

Қатысушылар үшін сенбілік өтетін орынға барып-қайтуға тегін тасымал ұйымдастырылды.

Көптеген адам үшін бұл сенбілік экологиялық шара ғана емес, нағыз бірлік мерекесіне айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық мұраны ұлықтаған этнофотокөрме

Бүгін 20:50

Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне орай қайырымдылық концерті өтеді

Бүгін 18:04

Алматыдағы конференцияда Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи бастауы талқыланды

Бүгін 17:01

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Бүгін 17:00

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Бүгін 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);