AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақ...

Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды

Таза Қазақстан 25.04.2026, 13:55 217 Дина
Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара өткен негізгі орындардың бірі – көркем табиғатымен танымал Аюсай шатқалы болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің өкілдері, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, бизнес қауымдастық, жастар мен еріктілер, сондай-ақ «Жасыл жер Алматы» ЖШС, «Алматы Тазалық» МКК және «Stamp Service» ЖШС ұжымдары қатысты. Жалпы алғанда, мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Аюсай визит орталығы – «Іле-Алатау» ұлттық саябағының аумағындағы заманауи туристік және экологиялық кешен. Мұнда келушілер легі жыл бойы тоқтамайды, сондықтан шатқалдың тазалығын сақтау ерекше маңызды.

«Біз бірлесе отырып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, адамдар үшін қолайлы кеңістік қалыптастырудамыз, бұл біздің күнделікті міндетіміз. Бүгін сенбілікке ұжымымыздан 100 адам қатысып, алты техника жұмылдырылды. Біз тек өзіміз қатысып қана қоймай, қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамыз. Соңғы уақытта адамдардың экологиялық жауапкершілігі артып, табиғатқа деген жанашырлық көзқарас қалыптасып келе жатқанын байқаймыз. Бұл осындай игі бастамалардың нәтижесі», — деді «Алматы Тазалық» МКК басшысының орынбасары Ербол Байжанов

Қатысушылар ұзындығы 2,5 шақырым аумақты — Аюсай визит-орталығынан шлагбаумға дейінгі аралықты, өзен жағалауын, жол жиегін және тау беткейлерін тазартты. Тұрмыстық қалдықтар мен сынған бұтақтар жиналып, нәтижесінде 450 текше метр қоқыс шығарылды.

«Біз де сенбілікке қатысып, жас ұрпаққа үлгі көрсетуді жөн көрдік. Қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау — әрбір азаматтың парызы. Бұл іс-шара аумақты тазарту ғана емес, қоғамды біріктіруге және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Табиғатқа деген сүйіспеншілік әрқайсымыздан басталады», — деді Алматы тұрғыны, зейнеткер, Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Гүлсара Қабиланова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Аюсай шатқалы секілді табиғи аумақтарды тазарту — бір реттік науқан емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың құрамдас бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);