AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың...

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Таза Қазақстан Бүгін 11:14 47 yakiya
Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық аумақтарды сәндік гүлдермен көріктендіру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

2026 жылы сәндік гүлдермен көгалдандырылатын аумақтың жалпы көлемі 387 953 шаршы метр болды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 77 пайызға артық. Оның 107 836 шаршы метрі (28%) біржылдық гүлзарларға, ал 280 117 шаршы метрі (72%) көпжылдық гүлзарлар мен гүлдейтін сәндік бұталарға тиесілі. Сонымен қатар 9 844 тік көгалдандыру элементін орналастыру көзделген.

Гүл композициялары жүргіншілер аймақтары бойына, ірі көшелер мен даңғылдарға, сондай-ақ саябақтар мен скверлерге отырғызылмақ. Аталған бағдарлама қаланың барлық ауданын қамтып, қалалық кеңістікті көгалдандыруда бірізді, үйлесімді тәсіл қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – көлік жолайырықтары, негізгі көшелер мен бөлгіш жолақтарды тік көгалдандыру. Бұл қалалық инфрақұрылымның көркемдік келбетін жақсартып, экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Жоспар аясында біржылдық гүл көшеттерінен гүлзарлар жасау, раушан бақтарын қалыптастыру, сәндік гүлдейтін бұталарды отырғызу, қызғалдақ егу және оларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі.

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру қоршаған ортаның жағдайын жақсартып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы да көркем орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гүлдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);