Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз!
Күні: 2026 жылы 25 сәуір
Уақыты: 09:00-ден бастап
Бұл қаламыздың тазалығы мен көркейту жұмыстарына үлес қосуға, азаматтық жауапкершілігіңізді танытуға және «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын қолдауға тамаша мүмкіндік.
Сенбілік өтетін орындар:
• Алатау ауданы – Шәріпов көшесі (спорт алаңы)
• Алмалы ауданы – Есентай өзенінің жағалауы (Қожамқұлов көшесі, Бөгенбай батыр көшесі)
• Әуезов ауданы – Сайран шағынауданы (Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейін)
• Бостандық ауданы – Көкшоқы шағынауданы, 1а (Аюсай визит орталығы)
• Жетісу ауданы – Уссурийская көшесінің бойы
• Медеу ауданы – Мұзтау шағынауданы, Бекенбай көшесі (Бекенбай өзенінің бойы)
• Наурызбай ауданы – «Ақжар» сквері, Сақ қорғандары
• Түрксіб ауданы – Баум тоғайы
Отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер!
Алматыны бірге таза, жайлы әрі жасыл қалаға айналдырайық!