AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ым да адам өмірін құтқарады

Ым да адам өмірін құтқарады

Керек кеңес 16.07.2024, 12:22 1,123 Нұржамал Әлішева
Ым да адам өмірін құтқарады
Shutterstock

Өкінішке қарай, ала-құла осынау өмірде, айналамызда келеңсіз түрлі жағдайлар орын алып жатады. Соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық та, балаларға көрсетілетін әлімжеттік те, арам ойлылардың жағымсыз әрекеттері де аз емес. Егер сондай шарасыз күйде қалсаңыз, айналаңызға қауіп-қатерде тұрғаныңыз туралы үнсіз-ақ хабар беретін қарапайым ғана белгілер бар, соны біле жүріңіз дейміз.

 

Ол қандай белгілер? Бірінші – қолыңызды, яғни алақаныңызды ашық күйінде жылдам жоғары көтеріп, екінші – бас бармағыңызды ішіне қарай бүгіп, үшінші – алақаныңызды түгел жұмасыз. Болды. Бұл – «маған көмек керек», «тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанымын», «отбасымда таяқ жеп жүрмін» дегенді білдіреді. Жаныңыздан жаяу немесе машинамен өтіп бара жатқан адам бұл белгіңізді байқаса, дереу полицияға телефон соғады немесе мүмкін болса өзі де көмекке ұмтылады. Себебі, бұл белгі (жест) қазіргі күні әлем бойынша танымал.

***

Енді сәл шегініс. Жамандықтың төніп тұрғанынан хабар беруші «Сигнал о помощи» деп аталатын бұл белгіні, қоғамда ниеті бұзық адамдар, төбелес құмар жұдырығы жуан ерлер көбейіп бара жатқандықтан, 2020 жылы Канаданың әйелдер құқығын қорғайтын қор өкілдері ойлап тапқан. Сөйтіп,  оны TikTok желісі арқылы таратып еді, мың-миллионнан астам қаралым жинап, тіпті жер-жерде осы белгіні көрсетіп, аман қалып жатқан адамдар көптеп санала бастады.

***

Мәселен, АҚШ-та 16 жастағы жасөспірім қыз дәл осы белгінің арқасында отбасына аман-есен оралған. Оның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпараттың полиция үстелінде жатқанына екі-үш күн өткен. Өз шаруасымен көшеде келе жатқан әлдебір жолаушы жол үстіндегі қара көліктің артқы орындығында отырған бір қыздың әлгі TikTok-та танымал болып жатқан алақан белгісін көрсетіп бара жатқанын байқайды да, дереу полиция нөмірін терген екен. Жоғалып кетті деген қыз шынымен де арам ойлы бейтаныс еркектің көлігінде отырған болып шығады. Сөйтіп, жергілікті полиция жасөспірімді ұрлаған 61 жастағы ер адамды құрықтаған.

***

Иә, қазіргі күні бұл көмек сұрау белгісі туралы біздің елдегі мектептерде де оқушыларға ашық сабақтарда айтылып жүргені құптарлық. Басына қауіп-қатер төнген әйел-аналар мен балаларға бұл қарапайым жест үлкен көмек болып тұрғанын да айтып отыр сарапшылар.

Тіпті, шетелдің кейбір мейрамханаларында «такси шақыртып берсеңіз», «есік көзіне дейін шығарып салыңызшы», «полицияға хабар берсеңіз» сынды мәтіндер жазылған «Ас мәзірі» секілді бөлек кітапша болады екен. Мазасын алып отырған серігінен тезірек құтылу үшін даяшыға ымдаса болғаны, өзгеше «ас мәзірін» алдына ұсына қояды. Сондай-ақ, әйелдер әжетханасында дәмхана қызметкерлерінен қалай көмек сұрауға болатыны туралы мәтіндер жазылған тақтайшалар да ілініп тұрады екен.

Қалай десек те, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ым #қауіп #біле жүріңіз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:32

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Кеше 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);