AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Ұрпаққа өшпес музыкалық жауһарлар қалдырған

Ұрпаққа өшпес музыкалық жауһарлар қалдырған

Тұлға 25.01.2023, 11:19 3,595
Ұрпаққа өшпес музыкалық жауһарлар қалдырған


Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90-шы концерттік маусымына аяқ басты.


Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осы оқиғаға арналған брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев күй мен ұлттық аспаптар нағыз қазақтың ішкі жан-дүниесін нақты бере алады дейді. 


Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі өткен ғасырдың 30-жылдары негізі қаланған. Бастапқыда домбыра ансамблі болып құрылған өнер ошағы  бүгінде әлемге әйгілі оркестрге айналып үлгерді. Қазақ музыкасының тарихындағы алғашқы оркестрдің негізін қалған Қазақстанның халық әртісі, композитор, академик, профессор, тұңғыш көркемдік жетекшісі және бас дирижері Ахмет Жұбанов.


Оркестрдің құрылғанына 10 жыл өткенде 1944 жылы  ұрпаққа өшпес музыкалық жауһарлар қалдырған қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілген. 


Құрманғазы оркестрі –  Қазақ музыкасының тарихындағы аспаптық музыка өнерінің тұңғыш әрі бірегей өнер ошағы. Бүгінде атақты оркестрде 80-ге жуық талантты артист қызмет атқаруда, оркестрдің репертуарында 4000-нан астам шығарма бар. 
          
Құрманғазының шығармалары және Ұлттық оркестр арқылы күллі әлем қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін, музыкалық мәдениетін, жан дүниесін тануда. Ал оркестрдің репертуары қазіргі заман композиторларының, соның ішінде шетел композиторларының жаңа туындыларымен толықтырылған.



«Биыл Құрманғазы бабамыздың туғанына 200 жыл. 20 қаңтарда Ұлттық оркестр елімізде алғашқы болып Құрманғазының 200 жылдығына арналған іс-шаралардың шымылдығын ашты. Биылғы жыл барлық шаралар Құрманғазы бабамызды еске алуға арналады», – дейді оркестр директоры Медет Қуанышев.



 Сондай-ақ, оркестр басшысы 2022 жылы Құрманғазы оркестрінің гастрольдік сапармен Астрахань және Қазанға, күй атасының кесенесіне барып қайтқанын айтты. 
 Үстіміздегі жылдың маусым айында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымымен  «Құрманғазы» концерт-спектакль бірлескен жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қазан айында оркестрдің ұйымдастыруымен республикалық ұлттық аспаптар конкурсы өтеді.



«Маусым айында Құрманғазы оркестрі Италияға гастрольдік сапарға аттанады, аталмыш гастрольдік сапарларымыз да Құрманғазы бабамыздың рухына арналады. Ел төңірегінде, оның ішінде Жамбыл, Қызылорда облыстарына іс-сапарға шығамыз. Биыл Атырауда Құрманғазының 200 жылдығына арналған фестивальде алғашқылардың бірі болып өнер көрсетеміз. Бұдан бөлек, алға қойған жоспарларымыздың қатарында – әйгілі «Адай» және «Сарыарқа» шығармалары туралы бейнебаян түсіру», - деп сөзін жалғастырды оркестр директоры.



 Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепберген ұжымның 90-шы концерттік маусымға аяқ басқанын айтты. Ұлттық музыканы қадір тұтатын жандар үшін оркестрдің дайындаған ірі көлемдегі шығармалары барын да тілге тиек ете отырып, өнер ұжымы әртістерінің соңғы жеткен жетістіктерімен де бөлісті.



«Әлемдік байқауда қобызшыларымыз Әсел Рахымжан мен Зайрагүл Сүйекенова бас жүлдені жеңіп алды. Қобыз әуендері әлемдік классикалық репертуарға енуде. Қобыз бүгінде барлық халықаралық сахналарда өз тыңдармандарын табуда, тіпті, Моцарт пен Бетховен шығармаларын да қобызға салып оңай орындауға болады», – дейді Абылай Тілепберген.



Журналистердің сұрақтарына жауап берген дирижер оркестрдің әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқаруының арқасында бүгінде жастардың да халық әніне бет бұрғанын атап өтті.


 Брифингтің тағы бір қатысушысы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар әртісі, домбырашы Сағдат Ақжолова бүгінде оркестр репертуарының кеңейіп келе жатқанын айтты.


Сондай-ақ,  оркестр бағдарламасындағы әлемдік танымал классикалық туындыларды 27 қаңтар күні сағат 19.00-де тыңдауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оркестр #Құрманғазы #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);