ffin.kz

Төлем балансы қандай экономикалық термин?

Төлем балансы қандай экономикалық термин? almaty-akshamy.kz

Сіздер арагідік жаңалық оқитын болсаңыздар, төлем ба­лансы, сауда балансы деген сөздерді көздеріңіз шалған шығар. Жәй экономикалық термин болып көрінгенімен, оның біздің өмірімізде ойнайтын рөлі бар. Мысалы, ол теңге бағамына тікелей әсер етеді. Сондықтан осы ұғым­дарды біліп жүргеніміз абзал.



Төлем балансы – бір ауыз сөз­бен айтқанда, Қазақстан мен басқа елдер арасындағы экономикалық операциялар, яғни ақша ағынының көрсеткіші. Біз басқа елге қанша ақша жібердік, ал басқа елден бізге қанша келді. Осының барлығы белгілі бір уақыт аралығына есеп­теледі. Мысалы, айлық баланс, тоқсандық баланс, жылдық баланс деп бөлінген. Осы балансты есеп­теудің халықаралық әдісі бар. Оны Халықаралық Валюта Қоры бекітіп, жаңалап отырады.



Төлем балансының операция­ларын мамандар бекітілген әдіс бойынша үш топқа бөліп қарасты­рады.


Олар: ағымдағы шот, капитал­мен операциялар шоты және қар­жылық шот.



Ағымдағы шот біздің елдің ком­паниялары, жеке тұлғалары мен шетелдік компания, не жеке тұлға­лар арасындағы тауарлар, қызмет­тер, бизнестен келген кірістер ағын­дарын көрсетеді. Яғни егер сіз Инстаграмнан немесе Алиэкспрестен шетелден тауарға тапсырыс берсеңіз, олар осы ағымдағы шот статистикасына енеді.



Капиталмен операциялар шо­тына ірі бизнестің операциялары, инвестициялар, дивидендтер, яғни өндірістік емес қаржылық актив­термен жасалған операциялар кі­реді.


Қаржы шоты қаржылық актив­терді таза сатып алу мен отандық компаниялар мен шетелдік компа­ниялар арасындағы қарыздың мөл­шерін көрсетеді.


Төлем балансының ішінде сау­да балансы да кіреді. Сауда балан­сы – Қазақстанның сыртқа шыға­рып сатқан тауарларының құны мен еліміз сырттан сатып алған тауарлар құны арасындағы көр­сеткіш. Егер біздің экспорттан тапқан ақшамыз импорттан тапқан ақшадан артық болса, онда сауда балансы біз үшін жағымды болады.


Мысалы, 2022 жылы біз 36,3 миллиард долларлық жағымды сауда балансына қол жеткіздік.


Алайда, Ұлттық Банк бол­жауынша, 2025 жылдарға қарай төлем балансы профициттен дефи­цитке ауыса бастамақ. Оның се­бебі, біздің ішкі өндірісімізді рет­теп, қайта өңдеу тауарларын шығара алмай отырғанымызда жа­тыр. Егер өзіміз тауар шығара ал­масақ, онда импорттың үлесі арта түседі.



Экспорттан доллар бізге келеді, оны компаниялар жалақы, салық төлеу үшін биржада теңгеге айыр­бастайды. Ал импортер компания­лар тиісінше биржадан теңгеге доллар сатып алып, оны сырттан тауар алуға жұмсайды. Қазақстан қор биржасында теңге бағамы ұсы­ныс/сұраныс арқылы құрылатын­дықтан, егер долларға сұраныс көп болса, онда доллар қымбаттап, теңгенің курсы түсіп кетер еді. Жа­ғымды сауда балансы кезінде тең­геге сұраныс көбірек болады да, оның бағамы да жоғары деңгейде болады.



Экономист мамандар сол се­бепті сауда балансындағы дефи­цитті «теңгеге жасалған қысым факторы» деп бағалап жатады. Ұзақмерзімді сараптама жасағанда, мұнай бағасы барреліне 85 доллар­дан асатын кездерде біздің сауда балансымыз жағымды болатынын байқадым. Ал мұнай құны одан түсіп кетсе, бірден экспортымыз­дың сомалық мөлшері импорттан ұтыла бастайды. Яғни теңге де мазасызданады.


Сондықтан ертеңгі теңге баға­мын болжағыңыз келсе, мұнайдың бүгінгі бағасына қарап, шамамен тон піше аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05