AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Телефонсыз өмірден қорқу: көптің фобиясына айналға...

Телефонсыз өмірден қорқу: көптің фобиясына айналған әлем неге қауіпті?

Барлығы 17.07.2025, 10:30 717 Дина
Телефонсыз өмірден қорқу: көптің фобиясына айналған әлем неге қауіпті?
Сурет: ЖИ

Бүгінде кез келген жанның қолынан түспейтін смартфон тек байланыс құралы емес, өміріміздің толыққанды серігіне айналды. Адамның көбі шынайы әлемнен гөрі, цифрлық әлемде уақыттарын жиі өткізеді. Өмірін тек осы кеңістікте көретін жандар телефонсыз қалудан қорқатынын білесіз бе? Бұл қорқынышты ғылымда не деп атайды? Оның психологиямен байланысы бар ма? Аqshamnews.kz тілшісі осы сауалдарға гештальт терапевт, психолог Ұлмекен Сәндібекқызынан жауап алды. 

Ұлмекен Сәндібекқызы 
психолог, гештальт-терапевт

"Номофобия" неден пайда болады?

Телефонсыз қалудан қорқу фобия тілінде - номофобия деп аталады. Психологтың айтуынша, номофобия – бұл күнделікті өмірімізде телефоннан ұзақ уақытқа алыстай алмау, яғни тәуелділіктің бір түрі. Егер адам күніне 4 сағат және одан көп уақытын гаджетке жұмсаса, бұл тәуелділіктің белгісі.

"Ақпарат ағынының дамуы адамды өз өмірінің сапасын жақсартудан гөрі басқаның өмірін бақылауға итермелейді. Бұл - мақсаттардан алшақтау, прокрастинация, тіпті шынайы өмірден қашу деп түсінуге болады", - дейді Ұлмекен Сәндібекқызы.

Телефонсыз қалу мазасыздық тудыра ма? Номофобияның зияны қандай?

Номофобияның күнделікті өмірге әсері өте үлкен. Бұл тек уақыт жоғалту емес, психологиялық және физиологиялық күйзеліске де алып келеді.

"Адам телефонға байланған сайын оның ұйқысы бұзылады, агрессиясы артады, зейіні шашырайды. Ең қиыны - адам “осында және қазір” сәтінен ләззат алуды ұмытады", - дейді психолог.

Ол смартфонмен байланысты шектеу үшін "өзіңмен келісімшарт" жасау, басқа хобби табу және тірі тілдесетін ортаны көбейту қажетін айтады.

Телефонмен сөйлесуден қорқу – жаңа заманның фобиясы ма?

Кей адамдар үшін телефон қоңырауы - тікелей үрей тудырады. Олар әңгімеден, өз даусынан ұялады, тіпті сәтсіз тәжірибелеріне байланысты ауызша сөйлесуден қорқады. Неге?

"Бұл көбіне адамның өзін төмен бағалауымен, сынаудан қорқуымен, өзіне сенбеу сезімімен байланысты. Кей жағдайларда бұл қорқыныш бұрынғы жаман жаңалық не сталкерлік секілді жағымсыз оқиғалардың салдарынан қалыптасуы мүмкін", - дейді Ұлмекен ханым.

"Өмірімді өнімді өткізу үшін не істеуім керек?" деген сұрақтан бастау керек"

Телефонға тәуелділік тек жасөспірімдерге тән емес. Қазір егде жастағы адамдардың да смартфонсыз өмірін елестете алмайтыны белгілі. Демек, бұл балалық шақта қалыптасатын әдет емес, технологиялық дәуірдің салдары.

"Бастысы - уақытты бақылап, саналы түрде тәртіп орнату. Себебі кейбір адамдардың телефонда өткізген уақытына қарап, бір аптада 2 кітап оқуға болар еді. Өмірімді өнімді өткізу үшін не істеуім керек деген сұрақтан бастау керек", — деп қорытындылайды психолог.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#номофобия #психология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);