ffin.kz

Тәуелділіктен арылу оңай емес

Тәуелділіктен арылу оңай емес almaty-akshamy.kz

Шылымқорлар он жылда темекіге 3 млн теңгесін шығындайды екен



Алматы тұрғыны 40  жылдан кейін темекісін мүлдем тастады. Ал бұл мүмкін бе? Әлде бұл қадамына әлдебір себеп болды ма екен? Осы жөнінде аз-кем тарқатайық.


Шылымға құмар азамат жүрек сырқаты сыр беріп, "жедел жәрдем" көлігімен ауруханаға жеткізілген. Есін жиғанда дәрігерлердің айтқаны – темекісін қою керек. Ал егер бұл әдетінен бас тартпаса, жүрек-қан тамырлары ауруы  асқынып, өліп кетуі де мүмкін екенін ескертеді ақ халаттылар. Сөйтіп, шылымды бозбала шағынан шегіп келе жатқан 68 жастағы азамат Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығына шипа іздеп барады. Содан бері арада бақандай сегіз жыл өтіпті.



– Иә, сегіз жылдан бері темекіні аузына алмайды. Қазір денсаулығы жақсы. Осы тұста айтарым, осыншама ұзақ жылдан бері темекі тартып келген адамның бірден тастап кетуі қиын. Сондықтан алдымен «осы әдетімнен құтыламын, бас тартуым керек қалайда» деген саналы шешімі болуы маңызды. Тәуелділіктен арылу оңай емес. Алғашында ашуланшақ болып, ұйқысы да, мазасы да қашып, бойын кернеген құмарлықпен арпалысуына тура келеді. Бұл құмарлықтың емі бар. Мұндай кезде дәрі-дәрмек тағайындаймыз.  Біздің орталықта темекіге тәуелді тұрғындарға психологиялық, психотерапиялық көмек көрсетіледі. Егер емделушінің темекіні қоямын деген ниеті болмаса, емнің пайдасы болмайды, – дейді орталық директоры С.Рахменшеев.



Қазақстанда шылымқорлар жайлы статистикалық санақ жүргізілмейді екен. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер бетінде жыл сайын тіркелетін 8 миллионға жуық өлім-жітім жүрек-қан тамырлары ауруынан, әртүрлі қатерлі ісіктен, қант диабетінен емес, осы кеселдердің пайда болуына және сырқаттың өршуіне өте жоғары деңгейде қауіп тудыратын темекінің көк түтіні екен. Халықаралық ұйым 2025 жылға дейін жер шарында 23 миллион адам шылымға құмарлықтың салдарынан  зардап шегуі мүмкін деп дабыл қағып жатыр.


Темекі құрамындағы никотиннен басқа, түтініндегі шайыр, аммиак, органикалық қышқылдар сияқты химиялық заттар шылым шегушінің ағзасын бүлдіріп, өмірін қысқартады  дейді дәрігер. Денсаулыққа зияны орасан зор химиялық заттар қан тамырларының қызметін бұзып-жарып, қан айналымын әлсіретеді. Нәтижесінде темекіге әуес жанның қан қысымы көтеріліп, жүрек қағысы жиілейді. Асқазан жарасы, бедеулік, жүрек сырқаты, қатерлі ісік, сусамыр сияқты жұқпалы емес аурулардың бас көтеруіне ықпал етеді.



– Көк түтінге тәуелді жандардың басым көпшілігі шылым шегуден насыбай атып құтылдым деп ойлайды. Өкінішке қарай екеуінің де құрамындағы зиянды заттардың ешқандай айырмашылығы жоқ. Шылым шеккенде никотин қанға өкпе арқылы тарап, ағзаны улайды. Өкпе тазарады деген мәлімет жалған. Насыбай атқанда зиянды заттар ауыз қуысының қан тамырлары арқылы қанға түсіп, ауыз қуысының, өкпенің, асқазанның қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін. Өйткені насыбайдың құрамында тауықтың қиы, әктің суы, сексеуілдің күлі, қараағаштың шайыры, темекінің жапырағы бар. Насыбай атқан адам да никотинге тәуелді деген сөз. Қазіргі күні сәнге айналған электронды темекі де аса қауіпті, – дейді орталық директоры.



Темекі ағзаны аздырып, ми қызметін әлсіретеді. Оның улы түтіні  ерте қартаю үдерісін жеделдетуге әсер етеді. Шылымқорлардың отбасы бюджетіне әкелетін шығыны да орасан. Елімізде бір қорап темекінің орташа бағасы 750 теңге. Сонда никотинге тәуелді адам күніне бір қорапты тауысып, темекіге айына 22 500 теңге, жылына 270 000 мың теңге жұмсайды. Ал он жылда 2 млн 700 мың теңгесі кетеді. Ойланайық!



  • Шылымқорлар он жылда темекіге 3 млн теңгесін шығындайды екен. 

  • ДДСҰ 2025 жылға дейін жер шарында 23 млн адам темекіден зардап шегуі мүмкін деп дабыл қағып отыр.

  • Насыбайдың құрамында тауықтың қиы, әктің суы, сексеуілдің күлі, қараағаштың шайыры, темекінің жапырағы бар.

  • Емделушінің «темекіні қоямын» деген ниеті болмаса, емнің пайдасы болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:02

15:00

14:53

14:34

14:22

14:02

13:45

13:40

13:37

13:29

13:22

13:19

11:29

11:11

11:05

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47