Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу

Заң мен тəртіп 28.10.2024, 11:16 1,647
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. заңдылық;
  2. адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
  3. жариялылық пен ашықтық;
  4. мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
  6. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
  8. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.

Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз қажет.

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауына жол бермей, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоғам #Жемқорлық #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32

Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика