Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Суық жұлдыз айы келе жатыр

Суық жұлдыз айы келе жатыр

Әлеумет 26.07.2024, 11:21 1,570
Суық жұлдыз айы келе жатыр
almaty-akshamy.kz

Сүмбіле жұлдыз – қоңыр күздің нышаны. Пайым бойынша, алдымен Сүмбіле айы табиғат сахнасына шығады. Содан кейін барып араға уақыт салып Сүмбіле жұлдызы туады. Бұл қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан сөз. Қазақ арасында бұл жұлдызды суық жұлдыз деп те атайды. 

Шортанбай жыраудың табиғат пен өмірді салыстырған жырында:

«Сүмбіле туып, күз болмай,

Көкорай шалғын оңар ма?

Кәрілік келсе қайтадан,

Жасарып адам толар ма?» – деген жолдар бар. Осы амалға қатысты айтылса керек.

Әзербайжан, түркімен және түріктер тамызды таммуз деп атаған. Қазекең сарша, тамыз, сарша-тамыз, кейде сүмбіле деген. Міне, осы аптаның аяғында сол сүмбіле айы басталады. Қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік, парсы, пуштун (Ауғанстан) күнтізбелерінде Сүмбіле жұлдызы 31 күндік зодиак айы саналады. Ол тамыздың соңы, қыркүйектің басы аралығына Қазақстанның түнгі аспанында пайда болады. Ол Қиыс Оңтүстік (шығыс оңтүстік) аспанынан қыс бойы сәулесін шашып тұрады.

Сүмбіле туса, жаз аяқталып, мал семіреді. Сүмбіледе сорпа майлы, мал қоңды болады. Сүмбіле – бұл жұлдыз. Қазақ халқы Сүмбіле жұлдызы туа бастағаннан қысқа қамданып, отын-суын дайындауға кіріседі. Халық танымында жарқырап, көкжиекке ең жақын тұратын жасылдау жұлдыз Сүмбіле деп аталады.

Сүмбіле екеу: Лақсүмбіле (Кішісүмбіле) және Текесүмбіле (Үлкенсүмбіле). Айтушылардың түсіндіруінше, екеуінің туу арасы 10–15 күн. Алдымен Лақсүмбіле туады. Өзі – жылтылдаған, кішірек ақ жұлдыз. Ал Текесүмбіле үлкен. Ол кейінірек туады. Жұлдыздардың бұлай аталуының себебі мынада: жазғытұры туылған лақ, күз айында қашады, буазданады, жыл аяғында екеу болады. Малдың ерекшелігінде болатын осы белгілерді негізге ала отырып, күз айында туатын кіші жұлдыздың атын Лақсүмбіле деп қоюды ұйғарған малшы қауым «түнде лақ бақырып шықты, Лақсүмбіле туды ғой деймін» деп айтатын болған.

Лақсүмбіле жұлдызының тууына қарсы малшылар қозы-лаққа күйек байлай бастайды. Сүмбіленің тууы мен жерге түсуі ерекше белгі деп саналады. Мысалы, түйе бағатын малшылар Сүмбіле тумай, тау етегіне түспейді. Себебі, түйе жылы су ішсе қараөкпе ауруына шалдығады, ал Сүмбіле туса, су салқындайды, ол кезде мал өкпе ауруына ұрынбайды.

Сүмбіле туған кезде тау етегі салқын тарта бастайды. Осы табиғаттың құбылысын жұлдыз арқылы бақылап отыратын халық өз қамына қарай көше бастайтын болған. Оны мынадай халық қағидаларынан аңғаруға болады: Сүмбіле туса су суыйды, кей өңірлерде бидайды үсік шалады. Бұған қоса, Сүмбіле туғанда болатын ерекшеліктердің бірі – малдың семіруі.

Жаз бойы жайылымда көк шөпке қарық болған төрт түлік күн салқындай бастағанда түлеп, бойына қуат ала бастайды. Әсіресе, жылқы малы ерекше қуаттанып, семіретін мезгілі – осы Сүмбіле туар шақ. Осыған орай халық арасындағы «Сүмбіле туар жылтиып, ат семірер құнтиып» деген мақал-қағида қалыптасқан.

Алдағы аптада ауа райы тұрақсыз қалпын сақтайтын сыңайлы. Енді қалай дегенде де алда болатын амалдардың көбісі суық болып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Сүмбіле #тамыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика