ffin.kz

«Жаңа Әзербайжан» партиясына бәсеке күш бар ма?

«Жаңа Әзербайжан» партиясына бәсеке күш бар ма? report.az

Сараптама

 

28 маусымда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес сайлау 1 қыркүйекте өтеді. Бұл Ұлттық Мәжіліс тарихындағы екінші кезектен тыс сайлау. Бұған дейін 2020 жылы мерзімінен бұрын өткен еді. Биыл мұндай саяси қадам жасауға қараша айында Әзербайжанда ұйымдастырылатын халықаралық іс-шаралар себеп болды. Билеуші партия «Жаңа Әзербайжан» басшылығы осындай мәлімдеме жасаған. Алайда, мұндай шешім қабылдаудың өзге де саяси астары болуы мүмкін.

 

Екінші  науқан

 

Биыл Әзербайжанда екі сайлау науқаны ұйымдастырылуда. 7 ақпанда халық мемлекет басшысын таңдады. Сайлауда айқын басымдықпен Ильхам Әлиев жеңіске жетті. Ол билеуші партия «Жаңа Әзербайжан» атынан үміткер атанып, электораттың 92%-дан астам дауысына ие болды.

Енді 1 қыркүйекте «Ұлттық Мәжіліс» сайлауы өтпек. 20 маусымда билеуші партия «Жаңа Әзербайжан» парламентті тарату туралы шешім қабылдады. Одан кейін депутаттар Ильхам Әлиевке ресми хат жолдап, кезектен тыс сайлауды өткізу мерзімін белгілеуді сұраған. Президент жарлығына сәйкес сайлау 1 қыркүйекке белгіленді. Осылайша парламенттің VI шақырылымы өз жұмысын тоқтатты.

Бұл электоралды циклдің мынадай ерекшеліктері бар:

· Екі сайлау науқаны мерзімінен бұрын өткізілуде. Себебі, президент секілді, парламенттің де өкілеттігі 2025 жылы аяқталуы керек еді. Тәуелсіздік алғалы бері президент сайлауы қатарынан екінші рет мерзімінен бұрын өтті. Бұған дейін 2018 жылы халық таңдау жасаған болатын. Парламент сайлауы да екінші рет кезектен тыс өтетінін айта кеткен жөн.

· Сайлаулар Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мәселесі шешілгесін ұйымдастырылды. 2023 жылы 20 қыркүйекте Әзербайжан аумақтық тұтастық мәселесін шешті. 2020 жылғы 44 күндік әскери қақтығыстан соң Таулы Қарабақ қайтарылды.  

· Басты мақсат – биліктің легитимділігін қамтамасыз ету. 2018 жылғы сайлау, 2020 жылғы әскери жетістік Ильхам Әлиевтің халық алдындағы саяси беделін арттырды. Алайда, Таулы Қарабақты қайтару әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешпейді. Сондықтан қазіргі режим саяси жүйені жаңартып, биліктің легитимділігін арттыруды көздеп, мерзімінен сайлау өткізді.

 

Бірпалаталы парламент

Әзербайжанның конституциясы 1995 жылы 12 қарашада қабылданған. Оған сәйкес заң шығарушы орган – Ұлттық Мәжіліс. Ол 125 депутаттан тұратын бірпалаталы билік тармағы. Қазақстаннан ерекшелігі де осында. Елімізде қоспалаталы парламент жұмыс істейді. Депутаттар мажоритарлы сайлау жүйесі арқылы 5 жылға сайланады. Ал Қазақстанда аралас сайлау жүйесі арқылы сайланады.

 

Кім депутат бола алмайды?

· қос азаматтығы және өзге мемлекеттер алдында мiндеттемелерi барлар;

· атқарушы немесе сот билiгi жүйесiнде жұмыс iстейтiндер;

· ғылыми, педагогикалық және шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысатындар;

· дiни қайраткерлер, сот iс-әрекетке қабiлетсiздiгiн таныған, ауыр қылмыстары үшiн сотталған адамдар;

· заңды күшіне енген сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүргендер.

Ұлттық Мәжілістің өкілеттіктеріне талдау жасасақ, мемлекеттің президенттік басқару нысанында екеніне көзіміз жетеді. Мемлекет басшысы ретінде президент елдің ішкі және сыртқы саясатын айқындайды. Сондай-ақ, елдің аумақтық тұтастығының, сот билігінің тәуелсіздігінің кепілі. Қала берді, 1995 жылдан бері Ильхам Әлиевтің партиясы билеуші күшке айналған.

 

Билеуші партия – айқын көшбасшы

 

Ұлттық Мәжіліс 1995 жылы Жоғарғы Кеңестің орнына құрылған. Бүгінге дейін 6 рет (1995-1996, 2000-2001, 2005-2006, 2010, 2015, 2020 жылдары) парламент сайлауы өтті. Биыл жетінші рет өтпек. Барлық сайлауда «Жаңа Әзербайжан» партиясы жеңіске жеткен. Әр сайлауда мандат санын арттырып, 2020 жылы 125 орынның 72-сін жеңді.

 

Сайлау жылдары

Жеңген мандат саны

1995

53

2000

78

2005

63

2010

71

2015

71

2020

72

 

Алдағы сайлауда «Жаңа Әзербайжан» партиясының жеңіске жететініне ешкім күмән келтіре алмайды. Оған бірнеше себеп бар:

· Партия лидері, президент Ильхам Әлиевтің рейтингі жоғары. Себебі, тарихи әділдікті қалпына келтірді.

· Билеуші партияға бәсеке болатын саяси күш жоқ. Мысалы, 2020 жылғы сайлауда екінші орын алған «Азаматтық ниеттілік» партия бар болғаны 3 мандатты жеңген.

· «Жаңа Әзербайжанды» ешқандай партияда жоқ депутаттар да қолдайды. 2020 жылғы сайлауда партиясыз депутаттар 24%-дан астам дауыс жинап, 43 мандатқа ие болған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14