Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Сарымсақтың пайдасы

Сарымсақтың пайдасы

Керек кеңес 22.10.2023, 08:41 3,637
Сарымсақтың пайдасы
interesnyefakty.org

Сарымсақ – пияз тұқымдастар тобына жататын көпжылдық шөп тәріздес өсімдік. Өнімді топырақтың астына салады. Топырағы жұмсақ әрі құнарлы болса, сарымсақтың басы да үлкейе түседі. Басы бірнеше бөліктерден құралады. Дәмі ащы, иісі өткір. Күздік және жаздық деп бөлінеді. Көкөніс ретінде ас мәзірінде бұрыннан көп қолданылады. Әсіресе, Шығыс және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка елдерінің, сондай-ақ Жерорта теңізі тағамдарының негізгі қоспасы.


Қалай қолдану керек?



  1. Сарымсақты негізі шикідей жеген пайдалы. Сарымсақтың өткір иісін артынан  алманы, жалбыз жапырақтарын, немесе балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен кетіруге болатындығы айтылады.

  2. Швецияда балалар мектепке барарда сарымсақ жегізу қалыпты әдетке айналған. Өйткені, бұл балаларды мешеулікке ұрынудан сақтайды деп біледі. Бүгінгі күні дәріханаларда сарымсақтың ұнтақтары мен арнайы дәрілері де халыққа тарауда. Мамандар күн сайынғы тамақта 10-15 гр. сарымсақ жеп тұрудың денсаулыққа пайдалы екендігін айтады.

  3. Сарымсақтың құрамында 400 жүзден аса пайдалы компонеттер бар

  4. Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компонеттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:  

  5. Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай-ақ ми ісігінің алдын алады. 

  6. Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.

  7. Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.  

  8. Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.

  9. Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.

  10. Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай-ақ организмді тазалауға пайдаланылады.


Сарымсақтың пайдасы



  • Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.

  • Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.

  • Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.

  • Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.
    • Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.

  • Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.


Деректер muslim.kz алынды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сарымсақ #денсаулық #Өсімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика