AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жүріп жатыр

Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жүріп жатыр

Әлеумет 22.10.2023, 08:44 1,129
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны жүріп жатыр
gov.kz

Түркістан облысындағы шақыру барысымен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев танысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Кентау қаласының жинақтау пунктінде болып, әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден өту сапасымен танысты.
Сарбаз аналары комитетінің өкілдерімен және Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесу өтті. Бүгінде олар әскерге шақырылушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды іріктеу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу жұмыстарына белсенді түрде араласып келеді.
Әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен болған әңгімеде Тілеухан Қалилайұлы елді қорғау - әрбір ер адамның қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті.


– Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен, ал біз, олардың ұрпағы, оны қорғауымыз керек. Қызмет сендерді шынықтырады, әрі болашақтағы мансап үшін де тамаша бастама болады, – деді әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев.


Айта кету керек, күзгі әскерге шақыру науқанының жоспары бойынша Түркістан облысынан 18 бен 27 жас аралығындағы 2 мыңнан астам ер адам мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бүгінгі таңда Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне, ҰҚК Шекара қызметіне және Мемлекеттік күзет қызметіне өңірден 700-ге жуық адам жіберілді. Күзгі шақыру науқаны ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жастар #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);