ffin.kz

«Сағынтавтың соғымы»

«Сағынтавтың соғымы» Суретті түсірген - С.Құсайынов

Бір нәрсе анық: Ел басқарған адамның артында міндетті түрде сөз қалады. Оның жақсы атына да, жаман атына да баға беретін халық. Халық – сүзгі. Бұған дейін аса жоғары лауа­зымды қызметтер тізгінін ұстаған, Алматыны басқаруға келген Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев қалалықтар есінде несімен қалды? Енді осы төңі­ректегі бірнеше лепесімізді тарқатып айтайық.


Мемлекеттік қызметтің майын ішкен басшының алғашқы қадамын ең алдымен ел ішіне тәртіп орнатудан бастайтыны бесене­ден белгілі. Тәртіп бар жерде тазалық бар, мәдениет бар. Кез келген саладағы дағдарыс­тың басты себебі осы тәртіп, талаптың дұрыс жолға қойылмауынан бастау алып жатады. Бақытжан Әбдірұлы да Алматыға келе сала­сымен ең алдымен тәртіп мәселесін қолға алды да, Түрксіб ауданына тартты. Полиция­ның қызметін қатты сынға алды. Жаға ұста­татын жағдайларды өз көзімен көрді. Поли­ция өкілі бұған дейін қордаланып қалған мәселелердің көп жылдардан бері өзекті бо­лып келе жатқанын айтты.



– Көп жылдардан бері ме? Сіз көптен бері істейсіз бе? Онда сіздер түк шешпейсіздер. Осыған үйреніп кеткенсіздер, – деп әкім мә­селені қабырғасынан қойды. Айтқандайын, Бәкең шаһарда алдымен әлеуметтік әді­летсіздіктерді, теңсіздіктерді қалпына келті­руге баса көңіл бөлді. «Шетсіз қала» бағдар­ламасы сол тірліктің хабаршысы болды. Мақсат – қаланың ортасы мен шетінде орна­ласқан тұрғындарға көрсетілетін қызметтің өз деңгейінде болуы. Мәселен, тұрғындарға сол тұрған жерінде әлеуметтік жағдайына, рухани сұранысына талапқа сай жауап бері­луі керек. Бұл мәселе өз кезеңімен біртіндеп шешімін таба бастады.



Әрине, адамдардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына алғашқы кезекте көңіл бөлу – кезек күттірмес міндет. Қалалық мәслихаттың депутаты ретінде бұл бағыттағы шүкіршілік ететін жұмыстардың басы-қасында болғандықтан оны баяндап жатуға уақыт кетірмейін. Әлгінде мақаланың басында айтылған тәртіп, мәдениет мәселесі­не назар аударғанды жөн көрдім. Ең басты­сы, шаһардың рухани болмыс-бітіміне өз­герістер енді.


Рас, бұған дейін Иманғали Нұрғалиұлы­ның тұсында қала руханиятына айрықша көңіл бөлініп, рухани серпіліс басталған еді. Сол соқпақты алға жалғап, нақты істерімен серпін берген бірден-бір әкім осы – Сағын­таев болды.


Алматыда белгілі тұлғалар атында мұра­жай бар. Олардың бәрі мемлекет меншігін­де. Солардың ғана емес, жалпы ұлт ұстазы, ұлы реформатор, Алаштың ары мен бары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай жекенің қолында болып, тозып бара жатқа­нын «Алматы ақшамында» әлденеше рет жазғанбыз. Тіпті, белгілі адамдардың аты­нан үкіметке хат та жөнелтілген. Иманғали Нұрғалиұлының тұсында сең қозғалып, өзі кеткен соң кешеуілдей берген. Қысқасы, бұл мәселе 30 жылға жуық айтылып келген. Оған Сағынтаевтың келуімен нүкте қойы­лып, мемлекет меншігіне өтті. Осы рәсімде сөйлеген сөзінде ол: «Өз халқына өлшеусіз қызмет еткен тұлғаларға мерейтойын күтіп отырмай, үздіксіз құрмет көрсетіліп отыруы қажет. Бұл мұражай да тарихи маңызын сақтай отырып, қазіргі заманауи талаптарға сай жаңа жобалармен жасақталып, елге қыз­мет етуі керек» деді. Айтылды. Орындалды. Мұражай аумағы түгел абаттандырылып, қасындағы саябаққа Ахаңның ескерткіші қойылды.


Димекеңнің кезінде жазушылармен жүз­десіп тұрудың жиі болғанын аңыздай ес­титінбіз. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқа­новтар ол кісімен тіке телефонына шығып сөйлесе беретін болған екен. Демек, жазушы­ға есік қай кезде де ашық болды деген сөз. Бұл үрдіс ұлт үшін қызмет етті. Қаламгерлер қоғамның жүрек қағысындай ғой. Жазушыға қарап қоғамдағы өзгерістер де сүзгіден өтіп отырған. Қазіргі Мемлекет басшысы болса да жазушының баласы. Бұл кісі де алғашқы қа­дамының бірін Жазушылар одағына қамқор­лықтан бастаған. Осы үрдіс әкім тарапынан да қолдау тапты.


Қалабасы да шаһарға келе салысымен ұлттық құндылықтарға, қасиетті қара шаңы­рақ Жазушылар одағына ат басын бұрды. Сол кездесудің жуан ортасында осы пақырыңыз да отырған.


Бұл кісінің әкесі Әбдір ел басқарған, ха­лыққа сыйлы болған. Әлгі «әулиелерді» жастанып оқыған (ол кездегі басшылар әде­биетті жақсы білетін). Тегінде бар тегін бол­сын ба, сол тәрбие оны Жазушылар одағына алып келді. Бәрінен де сондағы Сағынтаев­тың сөзі сұңғыла, сұрапыл шықты. Былай деді-ау:



«Мен осы жерге, сіздердің алдарыңызға келгенше, қасиетті шаңырақтың босағасын аттағаннан айрықша толқу сезімін бастан кештім. Ұлылардың табанының ізі қалған киелі жер ғой. Әкем қаламгерлерді қатты қадірлеуші еді. Бала күннен көңілімізде қа­лып қойған сурет. Сіздердің жер жарған атта­рыңыз бар, сол аттарыңызға сай өмір сүру мүмкіндіктеріңіз де жоғары болуы керек».



Қаламгердің қоғамдағы орнына бұдан артық баға бола қоймас. Қаламгерлерге де­ген құрметке елге деген құрмет өлшемімен қаратып айтылған сөз. Әкім сөзінде тұрды. 1958 жылдан бері жөндеу көрмеген шаңы­раққа қыруар қаржы бөлдіріп, жаңартып берді. Алматыда тұратын 400-ге жуық Жазу­шылар одағының әр мүшесіне 500 мың тең­геден грант бөлдірді. Бұл марапат жыл сайын үздіксіз жалғасып келеді. Бұл сый қаламгер­лер тарапынан «Сағынтавтың соғымы» деген бейнелі сөзге айналып, тасқа жазылып қал­ды. Мұның сыртындағы басқа да қолдау шаралары бір төбе.


Ең бастысы, тәжтажал басталғалы жара­лы жолбарыстай хал кешкен Жазушылар одағы мен оның мүшелері ине-жіптен шық­қандай шырайы кіріп қалды.


Шын рухани бүтін кісіге қасаң қағида­ларға құрылып, қатып қалған нұсқаулардың қатысы бола бермейді. Мұндай шаблондарды ондай басшы кез келген жағдайда бұза ала­ды. Осы шектеу, шеңберлерден шыға алған басшы рухани тұлғаға айналады. Осы ділгір қасиет өз тегінен тамыр тартатын Бақытжан Әбдірұлы сондай тұлға екенін Алматыны басқарған аз уақыттың ішінде дәлелдеді. Әрине, біреуге жағымпазданатын жағдайы­мыз жоқ, дейтұрғанмен де көргенді, сезін­генді айту парыз. Бір мысал келтірейін.


Шерхан Мұртаза өмірден озған соң, көп ұзамай ол кісі тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды. Сонда былай деді-ау.



– Бізде көп дүние қағазға байланысты шешіледі. Қағазға әлденені жазамыз да, сол сияның артындағы азаматтың кім екенін ұмытып кетеміз. Біз бәрін таразыға салып қоямыз. Өкінішті-ақ. Осының бәрін жасап жүрген өзіміз. Ал Шерағамыздың дүниеден өткеніне жыл толып жатқан кезде, қағазға қарап қаламыз ба? Осылай қағаздың бәрін ысырып тастап шешім қабылдадық. Мұндай шешім бір жылдан кейін емес, бес жылдан кейін емес, марқұм болған күннің ертеңіне қабылдануы керек. Өйткені, бұл азамат – елдің азаматы. Тек «елім» деп қана өтті. Сол себепті, осындай ізгі шаруаның басы-қасын­да жүргеніме қуаныштымын.



Сағынтаевтың соңында қалған сұңғыла, сұрапыл сөздің бірсыпырасы осы. Оның бәрін тәптіштеп жазуға шағын мақаланың көлемі көтере қоймайды. Осының өзінен-ақ рухани биік басшы ең алдымен елдің бақыты деп батыл тұжырым жасауға болады ғой.


Қайда жүрсең де бар бол, нар бол, Бақыт­жан Әбдірұлы!


Қ.ҚОШҚАРҰЛЫ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43