Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мейірімге толы күн...

Мейірімге толы күн...

Әлеумет 12.01.2024, 04:44 1,026
Мейірімге толы күн...
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Армандарымызды арқалап жап-жаңа жылға аяқ бастық. Қалада қайтадан қауырт тірлік, тынымсыз еңбек жалғасты.


Әппақ мамық жамылған далада күн шайдай ашық. Көше толы жүйткіген көлік пен сапырылысқан халық. Сол қауымның қатарында мен де бармын. Масаншы көшесімен Абай даңғылына қарай асыға басып, адымдап келемін.
Анадайдан екі қыз көрінді. Жылдамдатып келе жатқан соң ба, әлгі қыздар қарсы алдымда тұрғанын байқамай да қалыппын. Әп-сәтте өзге жол таппағандай біресе оңға, біресе солға жүріп бір-бірімізді қайталадық та қалдық. Мұндайда адам еріксіз күледі екенсің. Өздерінің қимылдарына қысылды білем, қыздар, кілт тоқтап, жолдың шетіне ығыса берді де:


– Ой, апай, сіздің алдыңызды кеспей, жол берейік дегеніміз ғой... – деді жарыса. Өңдерінде «үлкеннің жолын кесу – әдепсіздік» деген ілтипат тұр. Қыздардың кішіпейілділігі һәм құрметіне ішім жылыды. Мен де алғысымды жаудырып өте бердім.


Абай даңғылына жеткенде жасы 70-терді алқымдаған қарияның қолтығынан демеп, бір жас жігіт өтіп барады екен. Жолдан өте салысымен атамыз: «Балам, өркенің өссін. Рахмет!» деп жатқанын естідім.


№120 автобуста отырмын. Келесі аялдамадан аяғы ауыр келіншек мініп еді, 16-17 жас шамасындағы бозбала орнынан атып тұрып: «Келіңіз, отырыңыз!» деді. Жас келіншек сәл езу тарта жымиды да, «Рахмет» деп барып орындыққа жайғасты. 



Автобус «А» жолақтың бойымен жүйткіп келеді. Жүргізуші кенет тежегішті басып қалды. Жолаушылар бірін-бірі жапырыла, алдыға қарай ығыса түсті. Арасында құлаққап таққан бір-екі жолаушы құлап бара жатып, тұтқаны ұстап үлгерді. Араларындағы біреуі епсіз қимылдарына ұялды ма, қасындағы ер адамға «кешіріңіз!» деді. Ол да ешкімнің әдейі жасамағанын түсініп, «оқасы жоқ» деп жылы сөйледі...



Үйге кіргенім сол еді, қызым қолымдағы сөмкемді алып жатып: «Мама, шаршадың ба? Үйді жинап, ыдыстарды жуып қойдым» деп күлім қақты. Артынша ұлым жүгіріп келіп, «мама, сағынып кеттім ғой...» деп мойныма асылды.


Жақсылық жақсылыққа жалғасқан, мейірімге толы шуақты күннің шапағын сіз сездіңіз бе? Мен сезіндім.


Оңаша отырғанда жастардың құрметі мен көпшіліктің бір-біріне деген жып-жылы адами қарым-қатынасы көз алдыма оралып, бір тұнық сезімге бөлендім. Содан кейін қиял қанатым мені: «шіркін, әрбір жанның бойында ілтипат тұнып жатса, жұрттың бәрі тек жақсылық жасауға ұмтылып тұрса...» деген ойға жетелей берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #қоғам #арман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика