AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ҚР «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсізді...

ҚР «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заңының күшіне енгеніне бір жыл: не өзгерді?

Заң мен тəртіп 03.07.2025, 14:45 659 dulatbekova
ҚР «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Заңының күшіне енгеніне бір жыл: не өзгерді?
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 16 маусымда әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Заң күшіне енді.

Бұл заң балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шараларды енгізуге жол ашты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы әрекет ету жүйелі сипат алды және алғашқы оң нәтижелер байқала бастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2025 жылдың алғашқы бес айында балаларға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылықты бұзу қылмыстарының саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға азайды. Ауыр қылмыстар – 8%-ға, аса ауыр қылмыстар – 19%-ға қысқарды.

Алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізу туралы норманың маңызы аса зор болды. Бір жыл ішінде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 58 тексеру жүргізіп, 1500-ден астам баланың құқығы қалпына келтірілді. 24 ұйым басшысы әкімшілік, 78 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. 2025 жылдың басынан бастап бұл орталықтар 50 мыңнан астам азаматқа, соның ішінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен ата-аналарға көмек көрсетті.

«Бұл Заң жекелеген әрекеттерден жүйелі тәсілге көшуге мүмкіндік берді. Бүгінде елімізде балаларды қорғаудың тұрақты моделі қалыптасты, онда мектептен бастап уәкілетті өкілге дейінгі әрбір буын алдын алу мен көмек көрсету үшін жұмыс істейді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Баланы қорғау жүйесінің маңызды элементіне өңірлік уәкілдер институты айналды. Олар тәуелсіз мәртебеге және балалар бар барлық мекемелерге, соның ішінде жабық ұйымдарға да кедергісіз кіру құқығына ие. Орын алған зорлық-зомбылықтың әрбір фактісі уәкілдердің тікелей бақылауында.

«111» байланыс орталығы отбасы, әйелдер және балаларды қорғау мәселелері бойынша бірыңғай жүгіну арнасы ретінде заңмен бекітілді. 2025 жылдың басынан бастап 88 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Мектептерде QR-код арқылы құпия түрде хабарлама беру жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы жүзеге асырылуда, мектептегі жәбірлеу үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Ведомствоаралық жедел әрекет ету алгоритмдері жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаға сәйкес, балаларға көмек көрсету, оларды қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар «Қазақстан балалары» бағдарламасының тұжырымдамасына жүйелі түрде енгізілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйелдер құқықтары #балалар қауіпсіздігі #заң #бір жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);