15 ақпан – Қазақстанда атап өтілетін Ұлттық ғашықтар күні. Бұл мереке жастардың махаббат пен сезімге деген құрметін арттыру мақсатында белгіленген. Ол 2011 жылдан бастап атап өтіледі.
Мереке қазақтың ғашықтық жырының символына айналған — Қозы Көрпеш пен Баян сұлу ғашықтарының құрметіне арналған. Аңыз бойынша, бұл қос ғашықтың махаббаты мәңгілік сүйіспеншіліктің үлгісі ретінде танылған.
Бұл күнді атап өтудің мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шынайы сезімге деген сенімді нығайту және жастар арасында ізгі махаббатты насихаттау. Қазақ жырларында, ауызекі әңгімелерінде ғашықтар жайлы, баянсыз махаббат жайлы айтылатын әңгімелер аз емес. Махаббат тақырыбы көптеген жазушы-ақындардың шығармаларына да арқау болған. Ұлттық ғашықтар күні болғаннан кейін, оқырмандар назарына қазақтың қаламгерлерінің туындылары арқылы ел аузында жиі аталатын ғашықтар жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.
Қазақтың ғашықтық дастандары:
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу — қазақ халқының ең көне әрі ең көрнекті лиро-эпостық жырларының бірі. Бұл шығарма шынайы махаббат пен адалдықтың символы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Жырда Қозы мен Баян есімді екі жастың арасындағы кіршіксіз махаббат суреттеледі. Олар атастырылып қойылғанымен, тағдырларына түрлі кедергілер кездеседі. Қозы Көрпеш ұзақ жол жүріп, Баянға жетуге тырысады, бірақ Баянға ғашық болған Қодар есімді жігіт Қозыны өлтіреді. Алайда Баян сүйгенінің кегін алып, өзі де өмірмен қош айтысады.
Бұл аңыз – қазақ халқының махаббатқа, адалдыққа және рухани тазалыққа деген көзқарасын көрсететін терең мағыналы мұра. Ескерткіш ретінде Қозы мен Баян мазары Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.
Сурет: kk.wikipedia.org
Қыз Жібек — қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры, махаббат тақырыбына арналған ең көркем шығармалардың бірі. Жырда Төлеген есімді батыр мен Жібек атты арудың арасында өрбіген таза махаббат баяндалады.
Төлеген – бай әрі батыр әкенің баласы. Ол өзіне тең жар іздеп, ұзақ сапарға шығып, сұлулығымен елге танымал Жібекке жолығады. Екеуі бір-бірін ұнатып, сүйіспеншілікке бөленеді. Алайда Төлеген жолда қызғаныш пен опасыздықтың құрбаны болады — қарсылас елдің батыры Бекежан оны өлтіреді. Жібек сүйгенінің қазасына қайғырып, адалдығы мен мұңға толы махаббаты арқылы жүректерді тебірентеді.
Қыз Жібек жыры — қазақ фольклорының інжу-маржаны, онда махаббат, адалдық, батырлық пен зұлымдыққа қарсы күрес тақырыптары бейнеленген. Жыр ұлттық театр сахналарында қойылып, кино және опера ретінде де көрерменге жол тартқан.
Сурет: Egemen.kz
Еңлік – Кебек — қазақ әдебиетіндегі ең трагедиялық махаббат жырларының бірі. Бұл шығармада бір-бірін шын сүйген Еңлік пен Кебектің қайғылы тағдыры баяндалады.
Кебек — найман руының жігіті, Еңлік — керей елінің қызы. Екі жас бірін-бірі ұнатып, ел салтына қарсы келіп, бірге қашып кетеді. Алайда руаралық дау мен салт-дәстүрге бағынбағандары үшін ел үлкендері оларды кешірмей, қатал жазаға тартады. Соңы — Кебек пен Еңліктің өлімімен аяқталады.
Бұл жырда махаббат пен ескі салттың қақтығысы терең суреттеледі. Еңлік пен Кебек — адал махаббаттың, еркін таңдаудың символы. Жыр арқылы қазақ халқының махаббатқа, намыс пен еркіндікке деген көзқарасы көрініс табады.
Сурет: 018.kz
Қалқаман – Мамыр — қазақ поэзиясындағы ең алғашқы лиро-эпостық дастандардың бірі, авторы – Бұхар жыраудың шәкірті, атақты ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармада бір-бірін шын сүйген Қалқаман мен Мамырдың қайғылы махаббат тағдыры баяндалады.
Қалқаман мен Мамыр — бір рудың жастары, бірақ сол заманның салты бойынша, ағайын адамдардың үйленуіне тыйым салынған. Екі жас сол тыйымға қарамастан, бірге қашып кетеді. Бұл әрекет руаралық дау тудырып, соңы Мамырдың өлімімен аяқталады. Қалқаман жазадан аман қалса да, өмір бойы елінен жырақта өмір сүреді.
Дастанның негізгі идеясы — еркін махаббат пен ескінің қатал заңының қақтығысы. Шығарма арқылы Шәкәрім махаббат бостандығын, жеке таңдауды қорғап, ескі дәстүрлердің әділетсіз тұстарын сынға алған.
Сурет: sabaq.kz
Қазақ прозасында да аты атылып, осы кезде дейін белгілі болып қалған шығармалардың кейіпкерлері бар. «Қос ғашық» деген кезде еріксіз ойға оралатын туындылардағы махаббат кейіпкерлерінің есімдерін атай кеткенді жөн көрдік.
Ботагөз бен Асқар - Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының басты кейіпкерлері. Роман қазақ қоғамының ХХ ғасыр басындағы қиын-қыстау кезеңін, халықтың отаршылдыққа қарсы күресін сипаттайды және қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді көркемдік тұрғыдан терең суреттейді.
Романның басты кейіпкері - Ботагөз, әйелдің нәзіктігі мен қайсарлығының үйлесімі. Оның тағдыры - ұлттық сананың қалптасуындағы әйел рөлін айқын көрсететін таңғажайып үлгі. Ол - тек махаббат пен отбасының ұйытқысы ғана емес, өз елінің намысы үшін күрескен қайраткер. Ботагөздің өмір жолы - жетімдіктен басталып, әділетсіздікке қарсы күреске ұласқан ауыр жол. Оның бейнесі арқылы Мұқанов әйелл адамның рухани күшінің, әділет пен еркіндікке деген құштарлығының биіктігін көрсетеді. Бұл бейне қазақ әйелінің тарихи жүгін, сол дәуірдегі қоғамдағы орнын қайта қарауға шақырады.
Ал, Асқар - білімді, озық ойлы кейіпкер. Ол қазақ халқының ұлттық санасын оятуға тырысып, Ботагөзге сүйеу болады.Асқар мен Ботагөздің махаббаты халықтың азаттыққа деген ұмтылысының символы ретінде бейнелеген.
Сурет: foliantbooks.com
Меңтай мен Ербол - Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған «Махаббат, қызық мол жылдар» романының басты кейіпкерлері. Шығарма кейіпкерлерінің махаббат дастаны шынайы оқиғаға негізделген, өмірде болған адамдар. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.
Ербол - шығарманың негізгі кейіпкері, ақкөңіл, досына адал, аңғал, шығарма басында біраз ұяңдау болып сипатталатын кейіпкер.
Меңтай - шығарманың негізгі кейіпкері, адал, ақылды, сұлу, сабырлы, сыпайы және Ерболдың жары.
Бұл шығарманы әдебиет сүйер қауым арысында оқымаған адам кемде-кем болар. Сондықтан оның толық сюжетімен таныстыру артық болар.
Сурет: inbusiness.kz
Жантас пен Аяужан - Ілияс Есенберлин «Ғашықтар» романының кейіпкерлері.
«Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер ме едік» деп жазды Ілияс Есенберлин. Ол махаббат тақырыбында 5 бірдей роман жазған кісі. Солардың бірі – «Ғашықтар».
Адамның жан күйзелісі мен тән күйзелісі қатар сипатталатын туынды, бас кейіпкер Жантастың өз өмірін баяндауымен басталады. Жастайынан ата-анасынан айырылған Жантас пен қарындасы Базаркүл әжесінің қолында өседі. Көп ұзамай қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген әжесі де өмірден өтеді. Сол сәттен бастап Жантастың жауапкершілігі де арта түседі. Балалық дәуірден ересек шаққа өтеді. Қарындасы Базаркүлге өзі ғана жауапты әрі қамқор екенін сезінеді.
Үш кейіпкермен басталған шығарма өзге де кейіпкерлермен толығады. Ғашықтар хикаясында жазушы көп мәселеге қозғау салады. Романда Жантастың тағдырын өзгерткен кейіпкердің бірі – Аяужан. Ол Базаркүлдің құрбысы, Жантастың бала күнгі махаббаты. Автор Аяужанды романда қайсар мінезді, өжет қыз ретінде сипаттайды. Құрылысшы қыз Жантастың жүрегін адалдығымен, мөлдір махаббатымен өзіне баурап алады. Үйленіп, отау құруға он күн қалғанда, тағдыр оларды сынға алады. Құрылысшы қыз краннан құлап, төсек тартып жатып қалады. Міне, осы қиыншылық арқылы екеуінің махаббаты сынға түседі.
Сурет: adebiportal.kz
Қай шығармада болмасын, мейлі ол қазақ тілінде жазылса да, мейлі басқа тілде болса да махаббат тақырыбы ең жиі жазылады, айтылады. Себебі, махаббат шынайы сезімді сипаттайтын мөлдір сезім, өмірдің бастауы іспетті.
P.S: Қазақстанда ғашықтар қауымы көп жылдан бері 15 сәуірде Ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде. Бұл мереке 2011 жылы, 14 ақпандағы Әулие Валентин күніне балама ретінде енгізілген. Бұл күннің таңдалуы қазақ халқының Қозы Көрпеш пен Баян сұлу туралы жүрек тебірентер аңызымен байланысты. Бұл қос ғашықтың шынайы махаббаты мен қайғылы тағдыры жастарға адалдық пен сүйіспеншіліктің мәнін ұғындырары анық.