AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Түркия балалар кітапханалары саласында Қазақстанме...

Түркия балалар кітапханалары саласында Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын

Мұны білген жөн 19.08.2025, 16:13 777 Сұлу
Түркия балалар кітапханалары саласында Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын
Абай Жанатұлы

89-шы халықаралық кітапханалық және ақпараттық конгресі (IFLA) аясында 2025 жылғы 19 тамыз күні Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ: ОҚУШЫ – ОҚЫРМАН. ОЗЫҚ ОЙ. АДАЛ АЗАМАТ» тақырыбындағы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған республикалық секциясына Түркия Республиксы мәдениет және туризм министрлігі кітапханалар мен басылымдар ю басқармасының директоры Танер Бейоғлы қатысты.

 «Атажұртқа анажұрттан ыстық ықыласымызды, сәлемімізді ала келдік. Қазақстанда алғаш рет 89-шы халықаралық кітапханалық және ақпараттық конгресі (IFLA) өтіп жатыр. Қазақстан осы тарихи оқиғаны көрегендікпен әрі биік деңгейде қабылдап отыр. Түркия бұл конгресті 1995 жылы қабылдаған болатын. Анкарадан Астанаға дейінгі жол – біздің өңірдің кітапхана ісі мен мәдени ынтымақтастықтың жаһандық күн тәртібін қалыптастырудағы өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.

Кітапханалар тек жеке тұлғаның дамуына ғана емес, қоғамның зияткерлік және мәдени болмысының қалыптасуына да шешуші ықпал етеді.

Түркияның түкпір-түкпірінде біз әртүрлі даму кезеңдеріне бейімделген бөбек және балалар кітапханаларын құрып жатырмыз. 0–3 жасқа арналған кітап бұрыштарынан бастап, 4–6 жасқа арналған шығармашылық аймақтарға және 7–14 жас аралығындағы балаларға арналған оқу мен білім кеңістіктеріне дейін бұл кітапханалар балалардың кітаппен терең, қуанышты әрі берік байланыс орнатуына жағдай жасайды.

Ертегі сағаттары, шығармашылық драма, ғылыми шеберханалар, логикалық ойындар және интерактивті цифрлық контент арқылы біз оқу тәжірибесін байытамыз. Технологияны кіріктіру қиялды, сыни ойлауды және өзіндік сенімділікті қолдайды – бұлар білім қоғамына белсенді қатысу үшін қажетті дағдылар.

Баланың кітаппен ерте байланысы тек сауаттылықты қалыптастырмайды; ол этикалық жауапкершіліктің, тәуелсіз ойлаудың және азаматтық сананың негізін қалайды. Осы тұрғыдан алғанда, кітапханалар тек білім беруде ғана емес, сондай-ақ тұлға тәрбиесінде де орталық рөл атқарады.

Бауырлас ел Қазақстанмен тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және балаларға шығармашылық және шабыттандыратын оқу ортасын қамтамасыз ету үшін бірге еңбек етуге дайынбыз»,-деді өз сөзінде Бейоғлы.

Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім басқармаларының кітапхана ісі жөніндегі мамандары, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлері, автоматтандырылған ақпараттық кітапхана жүйелерінің авторлары, баспа қызметкерлері және республика мектеп кітапханашылары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жарияланды

Бүгін 12:38

Qarmet-тегі алаяқтық: 190 миллион теңгеге зала келтірген 13 адам ұсталды

Бүгін 11:20

Қазақстан халқының бірлігі күні: Алматыда қайда баруға болады?

Бүгін 10:21

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика