Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жалған диплом кімге қызмет етіп жүр? Білім құжатын...

Жалған диплом кімге қызмет етіп жүр? Білім құжатын сатып алатындарға қатысты министрлік жауабы

Білім және ғылым 20.08.2025, 12:01 586
Жалған диплом кімге қызмет етіп жүр? Білім құжатын сатып алатындарға қатысты министрлік жауабы
Сурет: ЖИ

Қазақстанда білім саласындағы ең күрделі түйткілдердің бірі – жалған диплом мәселесі. Министрліктің ресми деректеріне сүйенсек, кейінгі жылдары бақылау күшейгенімен, бұл құбылыс түбегейлі жойылған жоқ. Дипломды сатып алу – тек жеке адамның мәселесі ғана емес, елдің білім жүйесіне деген сенімге сызат түсіретін құбылыс. Министрлік бұл жағдайларды қаншалықты бақылап отыр? Бүгінге дейін белгілі деректер қандай? Аqshamnews.kz тілшісі зерттеп көрді. 

Дипломдардың түпнұсқалығы қалай тексеріледі?

2019 жылдан бастап жоғары оқу орындарында сырттай оқу жүйесі тоқтатылған. Бұрын бұл жүйе жалған құжат жасауға қолайлы жағдай тудыратын, себебі сырттай студенттердің нақты оқуы мен бақылауын қадағалау қиынырақ болатын. Енді университеттер тек күндізгі және қашықтан білім беру формаларын ұсынады. Министрлік араға екі жыл салып дипломдардың азаматтық емес және медициналық жоғары оқу орындарын қоспағанда, барлық университет өзіндік үлгідегі диплом бере бастағанын мәлімдеді.

"Өзіндік үлгідегі дипломдардың нөмірлері мен QR кодтарын генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" АЖ (бұдан әрі - ЕПВО) орналасқан арнайы Модуль арқылы жүзеге асырылады. Қолжетімділік тек жауапты болып тағайындалған және осы модульде тіркелген жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне ғана беріледі. Генерация ЕПВО-дағы білім алушылар туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. ЕПВО-да білім алушы болмаған жағдайда диплом нөмірін генерациялау мүмкін емес. Генерацияланған нөмірі мен QR коды жоқ дипломдар жарамсыз" делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің жауабында. 

Қанша жалған диплом анықталды?

Министрлік жалған дипломмен күрес құқық қорғау органдарының құзыретінде екенін ескертті. Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп, жалған құжат жасау фактілерін анықтаумен айналысады. Алайда ведомство елімізде нақты қанша жалған диплом анықталғанын атамады. Тек:

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалған диплом жасағандарға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал жалған дипломды пайдаланған азаматтың өзі де жауапқа тартылады: 160 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылады. Демек, жалған құжат тек моральдық емес, құқықтық тұрғыдан да қауіпті" деп ескертті. 

"Шетелдік дипломдарға сүзгі күшейді"

Жалған диплом мәселесі тек ел ішінде ғана емес, шетелден әкелінген құжаттарда да байқалады. Қазақстанда мұндай құжаттарды арнайы тану рәсімі – нострификациядан өткізу міндеттелген. Бұл процестен "Болашақ" бағдарламасының түлектері мен халықаралық келісімдер аясында алынған диплом иелері ғана босатылады. Яғни, кез келген күмәнді шетелдік диплом еңбек нарығына бірден ене алмайды. Бұл талап сапасыз және заңсыз құжаттарды ел аумағында қолдануға тосқауыл қояды.

"Кез келген азамат өз құжатын тексере алады"

Министрлік ресми түпнұсқа дипломдардың барлығы жоғарыда аталған базада болатынын және оның кез келген азамат кіріп тексере алатынын айтты.

"Бүгінде кез келген жұмыс беруші ЕПВО-дағы "Білім туралы құжаттарды тексеру" арнайы Модулінде (https://epvo.kz/#/verification_education_document) өзіндік үлгідегі дипломның түпнұсқалығын, сондай-ақ мемлекеттік үлгідегі цифрланған дипломдарды тексеруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ дипломның электрон нұсқасы электрон үкіметтің мобильді қосымшасының "Цифрлық құжаттар" бөлімінде орналастырылған" делінген жауапта. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диплом #Білім және ғылым министрлігі #жалған диплом
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды

Бүгін 12:59

Айгүл Сәдуақасова: Халық кеңесі өңірлік мүдделерді нығайтуда маңызды рөл атқарады

Бүгін 12:54

Алматыда Senat open республикалық шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті

Бүгін 12:46

Ерлан Саиров: Құрылтай мен Халық кеңесі институттары үкіметті бақылауды күшейтеді

Бүгін 12:40

Айдос Сарым: Заң жобаларын қарау үдерісі 5–6 сатыдан өтуі мүмкін

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі