AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 55 миллион теңгелік алқа

55 миллион теңгелік алқа

Әлеумет 15.04.2025, 12:40 1,069
55 миллион теңгелік алқа
e-auction.e-qazyna.kz

Қазақстанда құны пәтер бағасымен бірдей алқа сатылымға шығарылды.

Қазақстанда активтерді қайтару науқаны аясында тәркіленген эксклюзив зергерлік бұйымдарды сату жалғасып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Солардың арасында құны 55 миллион теңгеге бағаланған Van Cleef & Arpels алқасы бар.

Ақ алтыннан (750 сынама) жасалған, салмағы 16,92 карат гауһартаспен көмкерілген алқаның бастапқы бағасы 46 миллион теңгеден асады. Потенциалды сатып алушы 7 миллион теңге көлемінде кепілдік жарна енгізуі тиіс. Сауда аукцион форматында, бағаны көтеру тәсілімен өтеді. Зергерлік бұйымның бағаланған құны – 55 миллион теңгеден асады. Сауда 23 сәуірде басталады және e-qazyna.kz электрондық платформасында өтеді.

Барлығы алдағы аукционда 61 зергерлік бұйым сатылымға қойылады. Бұл әшекейлер заңсыз байыды және ақшаны шетелге шығарды деп күдікке ілінген адамдардан тәркіленген. Есімдері аталмағанымен, әңгіме бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер туралы болуы мүмкін.

"Бұл сауданың мақсаты – қайтарылған активтерді тиімді пайдалану, қызығушылық танытқан қатысушыларға эксклюзивті зергерлік өнер туындыларын сатып алу мүмкіндігін беру", – деп хабарлады қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алқа #аукцион #Van Cleef
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 19:27

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 19:23

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);