Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Ымды білмеген дымды білмейді". Үнсіз айтылған қаз...

"Ымды білмеген дымды білмейді". Үнсіз айтылған қазақи ұғымдар жайлы білесіз бе?

Мұны білген жөн 20.08.2025, 10:55 590
"Ымды білмеген дымды білмейді". Үнсіз айтылған қазақи ұғымдар жайлы білесіз бе?
Сурет: интернеттен

Қазақ халқы ежелден-ақ көп дүниені сөзсіз, үнсіз-ақ ым-ишара арқылы жеткізіп отырған. Бұған тарихтағы көп салт-дәстүр ле, "ымды түсінбеген, дымды түсінбейді" деген сөзі де куә. Ал бүгінгі жастар сол үнсіз тілдің сырын біле ме? Аqshamnews.kz тілшісі осы сынды мысалдарды этнограф-тарихшы Марат Тоқашбаевтан сұрап білді.

Кіреберіске қызыл жіп байлау

Қазақ - ешқашан қонағын "кірме" деп қайтармаған халық. Кез келген адамды "құдайы қонақ" деп төріне шығарған. Дегенмен кей кездері үй иесі қонақ күте алмайтын жағдайда болады. Мысалы, үйде науқас жатса немесе дастарқан жаюға мүмкіндік болмаса, есікке қызыл жіп байлаған. Бұл – "үйге кірмегенің жөн" деген үнсіз ишара. Бір жағынан қонақты ренжітпей, екінші жағынан жағдайын түсіндірген нәзік белгі.

Сыпыртқыны тіке қою – татуластыруға шақыру

Ертеде ауыл әйелдері үйде ұрыс-керіс болса, сыпыртқыны есіктің алдына тіке қойып қоятын. Бұл – "үйдің берекесі қашты, енді жеңгетай келіп, екі жақты татуластырсын" деген ишара. Яғни сөзсіз-ақ бүкіл жағдайды жеткізетін белгі болған.

Қамшы іліп кету – құдалықтың бастауы

Жігіттің көзі бір үйдің қызына түссе, қонаққа барған кезде керегеге қамшысын іліп кеткен. Бұл – "құда болайық, қызыңызға құда түсейік" деген үнсіз ишара. Егер қыздың отбасы келіссе, қамшыны қайтарып беріп, өз жауаптарын жеткізген. Ал келіспесе ол жауабын да айтып, қамшыны қайтарып беретін болған. 

"Қалың малың қанша?"

Қазақ ауыз әдебиетіндегі кейбір ертегілерде кездесетін ғұрып – тулақ сипап қалың мал сұрау. Жігіт ұнатқан қыздың үйіне қонақ болып келгенде, көзбен қарап, тулақты сипау арқылы "қалың малың қанша?" деген ишара білдіретін болған. Кей ертегіде осы жағдайды мысал қылып келтіреді. Осылай ниетін білдірген жігітке қыз шашын сипап, кейін қайта тулақты сипаса – "қалың малым қымбат" деген белгі. "Бүкіл малыңды сатсаң да, менің қалың малымды өтей алмайсың" деген қылжақтасуды үнсіз түсініскен. Бұл эпизод Қарашаш атты кейіпкермен байланысты халық ертегілерінде айтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұғым #Қазақ #салт-дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі