AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматыда жылдың ең қызықты іс-шарасы – «АРМаТУРа 2...

Алматыда жылдың ең қызықты іс-шарасы – «АРМаТУРа 2025» спорт фестивалі өтеді

Хабарлама 15.04.2025, 13:17 737
Алматыда жылдың ең қызықты іс-шарасы – «АРМаТУРа 2025» спорт фестивалі өтеді
Cурет: ұйымдастырушылар

Фестиваль Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы 2, “Мерей” СО алдындағы ашық алаңда осы сенбі, 19 сәуір күні  өтеді.

 

Басталатын уақыты: сағат 09:00.

 

Биыл бірегей «Этно-ауыл» форматында өтетін фестивальде спорттық оқиғалар, Қазақстанның ежелгі дәстүрі, мәдениеті мен тағамдары бір жерде тоғысады деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 

2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестивальде белсенді өмір салтын ұстанатын жандар, инклюзивті және кәсіпқой спортшылар, Қазақстанның мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытатын адамдар бас қосады.

Фестивальге қатысу тегін.

АРМаТУРа дегеніміз не?

 

АРМаТУРа – бұл мульти спорт турнирі, Алматының аты аңызға айналған спорт челленджі. Қатысушылар 11 локацияда қарапайым және оңай спорт жаттығуын жасап, ішкі валюта – «Алтын» алады, ал оның тамаққа, сусынға немесе медальге айырбастауға болады.

 

АРМаТУРа дегеніміз – 10 жылдық тарихы бар спорттық ойын-сауық!

 

АРМаТУра – бұл өз қалауыңызша басқалармен немесе өзіңізбен өзіңіз жарысқа түсуіңізге болатын орын!

 

АРМаТУРа дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін үлкен спорттық іс-шараға қатысу, қарам-қатынас жасау, достар мен көмекшілер табу мүмкіндігі!

 

АРМаТУРа - бұл балалар мен ата-аналар қатысатын отбасылық мереке!

 

Биылғы жылы да «АРМаТУРа 2025» турнирін дәстүрге айналғандай «Мерей» СО орталығы қабылдайды. Фестиваль СО іргелес аумағында өтеді. 

Ауданы 3 мың шаршы метрден асатын оның кеңістігі екі аймаққа бөлінеді.

 

«Жібек жолы», оның аясында өтетіні:

 

А.  «Қолөнершілер жәрмеңкесі» - онда қолөнер шеберлері өз қолымен жасаған киім-кешек, жерек-жарақ, ыдыс-аяқты және басқа да handmade бұйымдарды ұсынып, халық қолөнерінің тарихи тамыры туралы әңгімелейді.

 

Б. «Петроглиф іздері» ҚҚ – сан ғасырлық тарих тереңіне үңіліп, кейбірі қола дәуірінің соңы – ерте темір дәуіріне жататын жартасқа салынған суреттермен танысудың және Қазақстанның археологиялық ескерткіштері адамзат тарихымен біте қайнасқанын білудің​ тамаша мүмкіндігін ұсынады.

 

В. «Тарихи семсерлесу» секторында тілек білдірген кез келген адам өзін қазақ жерінің батыры деп сезінуге, ежелгі қару-жарақ прототиптерімен және көшпенділердің әскери дәстүрімен танысуға мүмкіндік алады.

 

Спорт аймағы:

 

Мұнда қиын емес 11 спорт пәні бойынша: өз салмағыңызбен жаттығу жасаудан (әртүрлі тәсілмен тартылу және итерілу) және салмақпен (гір, штанга, құбыр, дискі және т.б.) жаттығу жасаудан өздеріңізді сынай аласыздар. Әрбір пәнді сәтті орындағаны үшін нәтижеге байланысты «Алтын» ішкі валютасы есептеп беріледі, оған фуд-корттан тағам алуға немесе мерейтойлық медальге айырбастауға болады.

Сонымен қатар фестиваль шеңберінде «АРМаТУРа» турнирінің он жылдығына орай Армрестлингтен Алматы қаласы мен Алматы облысының аймақтық біріншілігі өтеді.

 

Өтетін жері: Қазақстан, Алматы қаласы, «Мерей» СО, Сүйінбай даңғылы 2

Күні: 2025 жылғы 19 сәуір

 

Басталуы: сағат 09:00

 

Ұйымдастырушылар:

 

А. "Спортивная Лига" ҚБ

Б. "Пластилин" спорт клубы

Бізді қолдағандар:

1. Алматы қаласының әкімдігі

2. «Петроглиф ізшілері» ҚҚ

3. 100BAKSOFF KAZAKHSTAN ақпарат агенттігі

4. «SPORT EVENTS» бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру компаниясы

5. «Алма принт» баспаханасы

6. «BETA TEA» компаниялар тобы

7. Алматының «LIDER.KZ» волонтерлары

8. «Дантист LTD/Др.Артемова» стоматологиялық клиникасы

9. «Мерей» СО

10. DDA коммуникативтік агенттігі

 

Ақпараттық қолдау: “Вечерний Алматы”, Almaty aqshamy, “Деловой Казахстан”, “СпортАрена”, “Inalmaty.kz“, “Интерфакс” ақпарат агенттігі және Chessno Говоря тelegram-арнасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#арматура #спорт фестивалі #хабарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика