Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстаннан күнбағыс майын экспорттауға қойылған...

Қазақстаннан күнбағыс майын экспорттауға қойылған шектеу ұзартылмайтын болды

Нарық 07.10.2022, 10:45 2,627
Қазақстаннан күнбағыс майын экспорттауға қойылған шектеу  ұзартылмайтын болды
Сурет: Gastronom.ru

Күнбағыс тұқымын үлкен көлемін экспорттау қаупі аз.


Ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан күнбағыс майын экспорттауға шектеу мерзімін ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ҰКП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс тұқымы мен майын экспорттауға шектеу шаралары талқыланды. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов осы мәселеге қатысты кәсіпкерлердің позициясын жеткізді.



«Күнбағыс тұқымының бағасы бұрын тоннасына 240 мың теңгені құраған, қазір тоннасы 210 мың теңгеге сатылып, баға төмендеуін жалғастырып жатыр. Егер импорттық өніммен салыстыратын болсақ, онда ресейлік тұқым 185 мың теңгеге сатылады. Қазақстанда жоғары өнімділікке қарамастан, Ресеймен айтарлықтай бәсекелестік қызып тұр. Арзан күнбағыс тұқымы бізге көршілерден көп келеді деген алаңдаушылық бар. Мәселен, өткен жылы күнбағыс өнімі 1,1 млн тоннаны құрады, биыл - 1,3 млн тонна. Ресей Федерациясында өнімнің артуына байланысты осындай жағдай байқалады», - деді Жаркенов.



Сонымен қатар Ұлттық палатаның өкілі фермерлердің тауар өндіруге жұмсаған шығындарына тоқталды. Спикердің айтуынша, күнбағыс тұқымының құны 2021 жылмен салыстырғанда тоннасына 120 мың теңгеден 180-185 мың теңгеге дейін өсті. Бұл техника, жанармай, қосалқы бөлшектер, агрохимия бағасының орта есеппен 50%-ға өсуіненен қымбаттады. Көршілермен бәсекелестікке байланысты кәсіпкерлердің өнімі артығымен жиналып қалуы мүмкін. Сол себепті қазір күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын сыртқа шығаруға шектеу мерзімін ұзартпау ұсынылды.



«Азық-түлік қауіпсіздігі үшін жағдайды бақылау қажет. Мысалы, кәсіпкерлердің бидай мәселесіне қатысты алаңдаушылығы болатынын атап өткім келеді. Бидайдың өзіндік құны 120 мың теңгеге дейін болған кезде елде баға 120 мың теңгеге дейін төмендеді, яғни өзіндік құны өнімді сату бағасына тең болды. Ресейлік астық бізге 110 мың теңге бағада келеді. Оның себебі белгілі», – деп атап өтті сарапшы.



Өз кезегінде  экспорттық реттеу, соның ішінде экспорттық кедендік баж түріндегі тарифтік шараларды енгізу ішкі баға белгілеуге де кері әсерін тигізеді. Экспорттаушылар сатып алу бағасын төмендете отырып, баж шығынын импорттаушылардың, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің есебінен өндіріп алуға мәжбүр болады.



«Жыл соңына дейін фермерлер Аграрлық несие корпорациясы мен басқа қаржы институттары алдындағы көктемгі егіс жұмыстарына алған қысқа мерзімді қарызын жабуы, сондай-ақ келесі маусымға қаражат салуы керек. Сондықтан диқандардың басты мақсаты – өсірілген өнім үшін лайықты баға алу. Логистика проблемасын: вагондардың тапшылығы, ҚТЖ-ның ҚХР бағытында өтінімдерді қабылдауға тыйым салуы, вагондардың қозғалу жылдамдығының төмендігін ескерсек, күнбағыс тұқымын үлкен көлемін экспорттау қаупі аз», - деген сенімде ҰҚК.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#май #күнбағыс #Қазақстан #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика