AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда биылғы бидайдың сапасы жақсы

Қазақстанда биылғы бидайдың сапасы жақсы

Экономика 21.09.2021, 09:37 1,707
Қазақстанда биылғы бидайдың сапасы жақсы
Сурет: Inagres.hse.ru

Құрамында клейковинасы жоғары бидай үлесінің өскені байқалады.


Қазақстанда шамамен 14,3 млн тонна дәнді және 200 мың тонна майлы дақыл жиналды. Мамандар биылғы егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштермен сипатталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Биыл Қазақстанда жиналатын дәнді және майлы дақылдар алаңы 18,9 млн гектарды құрады. Бұл өнімдердің жалпы түсімінің болжамды көлемі нақтыланған деректер бойынша шамамен 18 млн тоннаға жетеді. Орташа өнімділік гектарына 9,5 центнерден айналады», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысы барысында.



21 қыркүйектегі жағдай бойынша, шамамен 14,3 млн тонна дәнді және 200 мың тонна майлы дақыл жиналды. Қазір мақсары жинау жұмыстары жүріп жатыр. Аймақтар жаппай барлық майлы дақылдарды жинауға осы айдың соңында кіріседі.


Министр дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға жеке тоқталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,9 млн гектар егіс алқабынан жиналады. Бұл дақылдардың жалпы түсімінің болжамды көлемі шамамен 16 млн тонна. Орташа өнімділік гектарына 10,1 центнерден айналады.



«Өткен жылдан қалған астықты қоса есептегенде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің биылғы болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететінін атап өткім келеді», - деді Ербол Қарашөкеев.



 Бидай мен ұн экспорты Орта Азия елдеріне, дәстүрлі түрде Иран мен Ауғанстан нарығына бағытталатын болады. Астық сапасы жоғары болғандықтан, Қытайға жөнелтілетін бидай көлемі артуы мүмкін.


Жалпы, биыл егін жинау жұмыстары уақтылы басталды. Науқан қарқыны былтырғыдан жоғары. Бүгінгі күні 15,1 млн гектар (95%) егіс алқабындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Өткен жылдың дәл осы күні 14,5 млн гектар алқап (91,5%) жиналған болатын. Бүгінгі таңда орташа өнімділік гектарына 9,4 центнерден айналып отыр.


Қазіргі уақытта көкөніс, картоп, бақша дақылдары мен мақта жинау жұмыстары да жүріп жатыр.


Өнімнің саны мен сапасын түсірмей сақтауды қамтамасыз ету мәселелері ведомствоның бақылауында. Өткен жылдардан қалған астық пен биылғы өнімді сақтауға мүмкіндік жеткілікті.


Республикада сыйымдылығы 29,3 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар. Оның ішінде астық қабылдайтын кәсіпорындарда 12,4 млн тонна, фермерлерде 16,9 млн тонна астық сақтайтын орын бар.


Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 1,9 млн тонна астық түсті, оның ішінде 1,67 млн тонна бидай, 163,9 мың тонна арпа және 56,4 мың тонна өзге де дақылдар (сұлы, тары, қарақұмық, күріш).



«Сонымен қатар, әкімдіктер биылғы астықты элеваторлардың уақтылы қабылдауына үнемі мониторинг жүргізіп, астықтың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы қажет», - деді министр.



Министр биылғы егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштермен сипатталатынын айтты. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 91%-ы 1-3 кластарға жатқызылған. 2020 жылы бұл көрсеткіш 83,8%-ды құраған болатын. 4-5 класты және класқа жатпайтын бидайдың үлесі 2020 жылы 16,2% болған. Оған қарағанда биыл бұл көрсеткіш 9%-ға дейін төмендеді.


Құрамында клейковинасы жоғары бидай үлесінің өскені байқалады. Әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие клейковинасы 28% және одан жоғары сапалы Hi-Pro бидайының үлесі өткен жылы 59,7% болса, биыл 71,3%-ға жетті.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бидай #Қазақстан #Сапа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Бүгін 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Бүгін 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Бүгін 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Бүгін 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Бүгін 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика